Дастархан индексі
Индекс Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының жеке инфляциясының деңгейі мен сатып алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді
Төменде Дастархан индексінің серпініне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Оларды Jusan Analytics командасы әзірлеген және есептеп отырады. Қарап шығуға ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқауын пайдалануға кеңес береміз немесе мобильді нұсқадан «PC-ге арналған нұсқауға» өтіңіз. Қалай теңшеу керектігін мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – оң жақ бұрыштағы үш нүкте.
Графикада Индекстің Астана және Алматы қалалары бойынша даму барысы көрсетілген. Есептеу әдіснамасы «Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты» деп аталатын материалда сипатталған.
* азық-түліктердің салмақтық ара-қатынасын ескергендегі баға
Өнімдердің бағаларын салыстыру, теңге
Өнімдер | Орташа баға | Ең жоғары баға | Ең төмен баға | |||
Астана | Алматы | Астана | Алматы | Астана | Алматы | |
Қой еті, кг | 3 100 | 4 699 | 3 720 | 7 145 | 2 790 | 3 200 |
Жылқы еті, кг | 3 531 | 4 400 | 3 999 | 5 240 | 3 300 | 3 960 |
Сиыр еті, кг | 5 015 | 4 424 | 5 540 | 5 375 | 4 490 | 2 900 |
Картоп, кг | 171 | 246 | 219 | 450 | 95 | 160 |
Сәбіз, кг | 114 | 221 | 159 | 350 | 89 | 140 |
Қызанақ, кг | 498 | 842 | 689 | 1 400 | 365 | 235 |
Басты пияз, кг | 152 | 213 | 342 | 466 | 85 | 100 |
Қияр, кг | 1 356 | 1 117 | 3 663 | 2 400 | 329 | 250 |
Күнбағыс майы, литр | 1 152 | 939 | 1 680 | 1 360 | 665 | 280 |
Жұмыртқа 1 санатты, он дана | 544 | 593 | 874 | 753 | 455 | 440 |
Жоғары сұрыпты бидай ұны, кг | 388 | 378 | 986 | 573 | 225 | 203 |
Пастерленген сүт 3,2-4%, литр | 465 | 527 | 788 | 851 | 270 | 260 |
Ашытқы, буда (100 гр.) | 785 | 1 006 | 1 380 | 2 000 | 400 | 300 |
Құмшекер, кг | 525 | 507 | 570 | 590 | 480 | 310 |
Тары, кг | 609 | 519 | 1 104 | 920 | 260 | 310 |
Сары май, тұздалмаған, бума (180 гр.) | 887 | 1 102 | 1 880 | 2 047 | 305 | 288 |
Қара байха шайы, бума (200 гр.) | 1 707 | 1 672 | 3 002 | 3 960 | 765 | 200 |
Jusan Analytics
Ұқсас жаңалықтар
05 маусым 23
Экспорттық бағалар индексі
Jusan Analytics командасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының индексін есептеп шығарды (XPI JA)
Экспорттық бағалар индексі Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларын қамтиды. Олар халықаралық тауар-шикізат биржаларында сатылатын тауарлар: шикі мұнай, табиғи газ, мыс, уран, бидай, мырыш,күміс және алюминий. Индекс 8 тауардың бағасының орташа геометриялық тұрғыда өлшенген бағасы ретінде есептеледі. Бұл ретте олардың жалпы экспорттағы және түзету коэффициентіндегі үлесі ескеріледі. Индекстің базалық мәні 2018 жылдың желтоқсанындағы бағалар бойынша 100-ді құрайды.
Экспорттық бағалар индексі қазақстандық экспорттың негізгі тауарлық топтарының әлемдік бағаларының базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі өзгерісін көрсетеді. Индекстің көмегімен тауарлық нарықтардың жағдаятының еліміздегі сауда-саттықтың жалпы шарттарына ықпалын бақылауға болады. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде әлемдік бағалар өзгерген жағдайда (экспорттың нақты физикалық көлемін есепке алмастан) экспорттық табыстардың серпінін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан экспортының жоғары тауарлық шоғырланымын ескере отырып, қосымша ретінде шикі мұнайды есепке алмай Экспорттық бағалар индексі әзірленді. Бұл индекс экспортта алатын үлесі аз, басқа тауарлардың бағасының серпінін анықтауға көмектеседі. Осы ретте оларды сатқаннан түскен валюталық түсімдер қандай да бір дәрежеде Қазақстанда шетелдік валютаны ұсыну көлеміне ықпал етуі мүмкін.
Ескере кететін жайт, шикі мұнайды есепке алмастан жасалған Индекстің құбылмалылығы төмен. Оған себеп – оның құрылымы біркелкі әртараптандырылған. Бұл жеке алынған тауардың бүкіл қоржынға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Байыпты коэффициенттер Экспорттық бағалар индексінің валюталық құрылымын көрсетеді:
Тауардың атауы | Код | XPI JA(LCO=78) | XPI JA2(LCO=0) |
Мұнай | LCO | 78.03% | 0.00% |
Газ | NG | 6.08% | 27.69% |
Мыс | HG | 5.59% | 25.46% |
Уран | UXX | 4.15% | 18.90% |
Бидай | LWB | 2.25% | 10.23% |
Мырыш | MZN | 1.47% | 6.70% |
Күміс | SIZ | 1.28% | 5.83% |
Алюминий | MAL | 1.14% | 5.19% |
Экспорттық бағалар индексі үшін үлестердің осылайша таратылуы Қазақстанның негізгі тауарлар бойынша экспорттық қоржынының орташаландырылған құрлымын көрсетеді. Тауарлардың таңдамалы жиынтығы Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭК) тауар номенклатурасының (ТН) 4-белгілік деңгейінде және экспорттық бағалардың биржалық бағаға тәуелділігі негізінде қалыптастырылады.
Төменде Экспорттық бағалар индексінің серпініне арналған интерактивтік графика орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.
Jusan Index
05 маусым 23
Теңге индексі
Jusan Analytics командасы Теңге индексін әзірлеп шықты (KZTX JA)
Индекс теңгенің шетел валюталарына (доллар, рубль еуро) қатысты түзету коэффициентіне көбейтілген, орташа геометриялық өлшемді бағамдары ретінде есептеледі. Бұл Индекстің мәнін 100-ге – индекс есебінің базалық күніне сәйкестендіреді (2018 жылдың желтоқсаны). Бұған дейінгі мерзімді біз қарастырмаймыз. Өйткені біздің пікірімізше 2016-2018 жылдары бағам белгілеу жаңа жағдайға – құбылмалы айырбас бағамы режіміне бейімдетілді.
KZTX JA = 13 481,2*KZTUSD0.65*KZTRUB0.25*KZTEUR0.1
Қалыптастырылған индекс теңгенің саудада және аударымдарда қолданылатын негізгі шетелдік валюталарға қатысты сатып алу қабілетін көрсетеді. Осылайша индекстің көмегімен теңгенің белгілі бір валютаға қатысты ғана емес, жалпы күш-қуаты туралы да сөз қозғауға болады. Сәйкесінше Теңге индексінің жоғарылағаны теңгенің негізгі валюталарға қатысты нығайғандығын, ал төмендегіні керісінше сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.
Байыпты коэффициенттер Теңге индексінің валюталық құрылымын білдіреді:
- АҚШ доллары – 65%;
- Ресей рублі – 25%;
- Еуро – 10%.
Теңге индексі үшін үлестерді таңдап үлестіру орташаланған валюталық құрылымды:
- Қазақстанның негізгі әріптестерімен арадағы тауар айналымын,
- валюталық төлемдер мен аударымдарды,
- биржалық валюта нарығы мен қолма-қол валюта нарығында валютамен операция жасауды білдіреді.
Сауда-саттықта Қытай мен Еуропалық одақтың үлесі жоғары болғанымен, сауда мәмілелерінде негізгі төлем жасау валютасы АҚШ доллары екені белгілі. Біз валюталық құрылымды 2-3 жылда 1 рет қарастыратын боламыз.
Теңге индексі ұлттық валютаның жекелеген валюталық жұптарға қатысты жай-күйіне талдау үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Теңге индексі теңге бағамының серпіні: теңгенің өзінің жалпына нығаюына ма әлде жекелеген шетел валютасыынң әлсіреуіне байланысты өрбіп жатқан-жатпағандығын түсінуге де мүмкіндік береді.
Теңге индексінің (KZTX JA) динамикасы бойынша толыққанды шолу, түсіндіру және ықпалдар Валюта нарығына апта сайынғы шолу аясында жарияланатын болады.
Төменде Теңге индексіне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Қарап шығу ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқасын пайдалануға немесе мобильді нұсқадан «Дербес компьютерге (ПК) арналған нұсқаға» өтуге кеңес береміз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.
Jusan Index
Валюталық нарықАйырбастау бағамыJusan Analytics
17 сәуір 23
Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты
2022 жылдың мамырында Jusan Analytics командасы Дастархан индексін әзірлеп, іске қосқан болатын. Ондағы мақсат – әрбір қазақстандыққа азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген сайын оның табысының сатып алу қабілеті қаншалықты өзгеретіндігін шынайы көрсетіп, түсіндіру еді.
Халықтың сатып алу қабілетін бағалайтын басқа индекстермен салыстырғанда Дастархан индексінің ерекшелігі мынада:
- Шапшаңдық – тамақ өнімдерінің бағасы бойынша статистика Jusan big-data деректерінен алынады (ірі ретейлердің бөлшек саудалық бағалары). Олар шынайы уақыт режімінде өзгереді. Индекс ай сайын жаңартылып отырады;
- Өзектілік – біз алматылықтар мен астаналықтардың азық-түлік қоржынына кіретін, ең танымал және сұранысқа ие тамақ өнімдерінің топтамасын қолданамыз;
- Бірегейлік – халыққа түсінікті болуы үшін, тауарлар топтамасынан әрбір қазақстандық отбасының дастарханында жиі орын алатын тағамдар жасалады. Индекс 1 адамның қажеттілігі тұрғысында есептеледі.
Бұрын халықтың табысын көрсететін деректер ретінде халықтың орташа жалақысы бойынша ресми статистикалық ақпаратты қолданып келдік. Егер оның тоқсан сайын өзгеретіндігін ескерсек, бұл Индекс деректерінің бұрмалануына әкеп соғатыны сөзсіз. Сондықтан қазір біз есептеу әдіснамасын қайта қарап, халықтың табыстары бойынша деректер ретінде Jusan карточкасы арқылы жалақы алатын қазақстандықтардың жалақысының ай сайынғы статистикасын қолдану туралы шешім қабылдадық.
Әдіснама:
- Дастархан индексі Алматы мен Астана қалалары бойынша деректер негізінде есептелді.
- Тауарлар қоржынына арнайы тамақ өнімдері іріктеліп алынды. Олар қазақстандықтардың сүйікті 5 тағамын жасауға пайдаланылады:
- Сорпа (бірінші тағам);
- Етауқат (екінші тағам);
- Жаңа дайындалған салат;
- Бауырсак;
- Жент (десерт);
- Сүт қосылған шай (сусын).
Азық-түлік қоржыны Дастархан индексінің тағамдарын дайындауға қажетті өнімдердің тізімі мен өзара ара қатынасына қарай анықталады (төмендегіден қараңыз). Өнімдер мен тағамдарды қазақтың авторлық «Tarih» мейрамханасы тексеріп, мақұлдады.
Тағамдардың құрамы мен салмағы кестеде көрсетілген:
Тағам |
Өнімдердің салмағы, кг/л/дана |
Тағам |
Өнімдердің салмағы, кг/л/дана |
|
Сорпа |
Бауырсак |
|||
Қой еті |
0.17 |
Ұн |
0.044 |
|
Картоп |
0.10 |
Сүт |
0.025 |
|
Сәбіз |
0.06 |
Ашытқы |
0.001 |
|
Қызанақ |
0.04 |
Қант |
0.01 |
|
Пияз |
0.04 |
Күнбағыс майы |
0.02 |
|
Етауқат |
Жент |
|||
Жұмыртқа |
0.02 |
Тары |
0.08 |
|
Ұн |
0.15 |
Қант |
0.03 |
|
Басты пияз |
0.04 |
Сары май |
0.03 |
|
Картоп |
0.10 |
Шай |
||
Қой еті |
0.07 |
Қара шай |
0.01 |
|
Жылқы еті |
0.07 |
Сүт |
0.03 |
|
Сиыр еті |
0.07 |
|||
Жаңа дайындалған салат |
||||
Қияр |
0.03 |
|||
Қызанақ |
0.10 |
|||
Күнбағыс майы |
0.01 |
Одан әрі қарай Jusan Analytics азық-түлік себетінің бағасын шығару үшін есептеулер жүргізеді:
- Тағам құрамындағы өнімдер саны = Ингредиент * өнімнің салмағы
- Тағам құрамындағы өнімнің бағасы = Тағам құрамындағы өнімнің саны * баға
- Тағамның бағасы = тағамның құрамына кіретін өнімдердің бағасы
- Дастархан индексіне енетін тағамдар топтамасының бағасы = 5 тағамның бағаларының сомасы
Азық-түлік қоржынының бағасы бойынша сандық деректерді ала отырып, мына формула бойынша Дастархан индексіне өтеміз:
Дастархан индексі = |
Орташа жалақы |
Тағамдар топтамасының бағасы |
Jusan Index
Сатып алушылық қабілетАйжан Әлібекова
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз