Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Пікір

8 тамыз 23
177

Валюта жетілігі (2023.31.07-04.08)

Теңге бағамы бірнеше аптадан бері бір доллар үшін 445.3 теңге деңгейінде сақталуда. Теңгенің мұндай серпіні жоғары базалық мөлшерлеме есебінен байқалуда. Ал ол теңгелік инвестициялау активтеріне деген жоғары сұранысты қалыптастырады. Ұлттық Қордан түсетін трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің валюта айырбастау шарасы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді теңгеге айырбастауы да теңгеге деген сұраныстың сақталуына әсер етті.

Доллар индексі шілде айынан бері тұңғыш рет 102 пункт белгісінен асты. Бұл ретте индекс Fitch рейтингінің төмендегеніне мән бермеді десе де болады. Экономикалық агенттер қайта АҚШ экономикасына қатысты деректерге ден қоюда. Ал АҚШ экономикасы нығайып жатыр. Бұл ФРЖ-ға мөлшерлемені арттыру саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Бір ай ішінде жұмыс орындарының саны 324 мың адамға өсті. Бұл нарыққа қатысушылардың күткенінен (189 мың адам) айтарлықтай жоғары. Жұмыссыздық 3.5%-ға түсті. Ал болжам 3.6%-ды құраған еді.

Мұнай бағасы жоғары. Апта соңына қарай бір баррель үшін 86.24 долларға дейін өсті. Мұнай бағасының мұндай қозғалысын мұнай өндіру көлемі мен мұнай қорының азаюымен түсіндіруге болады. Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1 млн баррельге дейін азайту мерзімін одан ұзартатындығын мәлімдеді. Бұл ретте ОПЕК+ мұнай өндіруді жыл соңына дейін тәулігіне 2 млн баррельге қысқартады. АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қоры 17 млн баррельге қысқарды. Болжам бойынша 1.4 млн баррельге қысқарады деп күтілген.


Рубль өткен аптада долларға қатысты құлдырауын үдетті. Оның бұлайша әлсіреуін экспорттық түсімдердің қысқаруымен, шетелдік капиталдың жылыстауымен және шетел валютасына сұраныстың жоғарылғымен түсіндіруге болады. Бұл жерде жаңартылған бюджеттік қағидалардың әсері де маңызды фактор. Соған сәйкес, бұған дейін мұнай бағасы төмен кезде РФ Қаржы министрлігі валюта сатып, рубльді сатып алумен айналысты. Бұл рубльге деген сұранысты сақтауға айтарлықтай демеу болды. Мұнай бағасы жоғары кезде шетел валютасын сату көлемі төмендейді, сәйкесінше рубльге қолдау көрсету де азаяды. Рубль бағамының әлсіреуі Ресейлік тауарлардың арзандауына және Қазақстанға Ресейден келетін импорттың артуына әкеп соғады. Алайда Ресейден сатып алынатын тауарлар бағасының ұзақ уақыт бойы өсуі рубльдің теңгеге қатысты бағамының біртіндеп түзетілуіне мүмкіндік беретіні белгілі.

Біздің болжам бойынша теңгенің қайта нығайтылуы трансферттік факторлардың әсері, КМС субъектілерінің валюталық түсімді теңгеге айырбастау міндеттілігі және теңгелік активтерге деген жоғары сұраныстың есебінен орын алды. Біз ҚРҰБ отырысы болатын күн жақындаған сайын, теңге бағамының түзетілетіндігін күтеміз. Өткен отырыста реттеуші базалық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екендігі туралы емеурін білдірген болатын. 
Жоғарыда келтірілген факторларды ескере отырып, біздің болжам бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 448.8-456.5 теңге ауқымында болады.

Апталық жаңалықтар
Сұнғат Рысбек

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз