Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Валюта жетілігі (2023.02.10-06.10)

Өткен аптада теңге бағамының АҚШ долларына қатысты әртүрлі бағытта тербелді. Апта қорытындысы бойынша теңге 0.8%-ға әлсіреп, бір доллар 478.4 теңгені құрады. Ұлттық валюта сыртқы факторларға қарағанда, ішкі факторларға көбірек сезімталдық танытуда. Айталық, мұнайдың ғаламдық бағасының төмендегені теңгеге әсер етпеді десе де болады. Бірақ күткеніміздей апта соңына қарай теңге базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты айтарлықтай емес, аздап қана әлсіреді. Өйткені теңге бағамына нарыққа қатысушылардың болжамдары алдын ала енгізіліп қойылған болатын. Осылайша тамыз айының соңынан бері теңге бағамы АҚШ долларына қатысты 4.1%-ға әлсіреді.

ҚРҰБ-тың жаңа forward-guidance инфляция бірмағыналы мәнге жеткенде барып, монетарлық шарттардың одан әрі әлсірейтіндігін көздейді. Соған қарағанда жыл соңына дейін базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі екіталай. Бұл өз кезегінде кем дегенде қысқа мерзімде девальвациялық болжамды бақылауда ұстауға, теңгенің тартымдылығының төмендеп кетуі мен құбылмалылығының өсуін шектеуге мүмкіндік береді.

Апта барысында сыртқы экономикалық факторлар жағымсыз сипатқа ие болды. Доллар индексі 106 пункттен жоғары болып тұр. Сейсенбі күні индекс 107 пунктке жетті. АҚШ-тың Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес ашық бос жұмыс орындарының саны 700 мыңға өсті. Олардың 600-і жеке секторға тиесілі. Америкалық еңбек нарығының ысынуы АҚШ ФРЖ қаршығалық саясатының одан әрі сақталуына әсер етеді. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер кезеңінің ұзақтығы бойынша болжам АҚШ-тың 10 және 30 жылдық қазыналық облигацияларының табыстылығын арттырып жіберді. Өткен аптада олардың табыстылығы соңғы 16 жылда максималды көрсеткішке жетті. Алайда аптаның соңына қарай қыркүйек айы үшін жаңа жұмыс орындары бойынша бәсеңдеп жатқан деректерге (тамызда 187 мың, қыркүйекте - 170 мың) қарай доллар индексі 106 пунктке дейін төмендеді.

Мұнай бағасы өткен аптада бір баррель үшін 84 долларға дейін қысқарды (апта ішінде -8.3%). Егер бұған дейін Сауд Арабиясы мен Ресей тарапынан мұнай ұсынысының төмендеуі мұнай бағасының өсуіне әсер етсе, өткен аптада мұнайды тұтынудың қысқаратындығы туралы қауіп расталды. Бірінші кезекте АҚШ-та бензин қоры арта бастады. Бензин қоры бір апта ішінде 1.027 млн баррельге көбейіп, 6.5 млн баррельді құрады. Ал дайын автокөлік бензинін жеткізу жыл басынан бері ең төменгі деңгейге дейін түсіп кетті (тәулігіне 8 млн баррель). Алайда Таяу Шығыста геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы қайтадан өсуде.

Рубль әлсіреуін жалғастырып, бір доллар 100 рубль болатын психологиялық межеден өтті. Ресей валютасының мұндай көңіл құлазытарлық қозғалысы ресейлік мұнай бағасының өсуі аясында жүріп жатыр. Экспорттың қысқарып, импорттың өсіп жатқандығы рубльдің одан әрі әлсірей беретіндігін білдіреді. Бұған дейін теріс сауда теңгерімінің әсері салық аптасы барысында салықтық түсімдердің есебінен тежеліп келген еді. Сонымен қатар Ресейде дизельдік отынды шетелге шығаруға тыйым салынғаны белгілі. Егер үкімет сол тыйымды алып тастайтын болса, бұл рубльдің аздап нығаюына әсер етуі мүмкін.

Қорытындылай келе айтар болсақ, теңге бағамы ішкі валюта нарығына қатысушылардың болжамына тәуелсіз. Біздің болжауымызша теңге айдың аяғына дейін доллар үшін 473-479 теңге аумағында болады.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Сұнғат Рысбек

Талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз