Валюта жетілігі (2023.09.10-13.10)
Өткен аптаның қорытындысы бойынша теңге бағамы АҚШ долларына қатысты аздап өсіп (0.3%), бір доллар 477 теңгені құрады. Теңге жалпы көптеген шетелдік валютаға қатысты нығайды. Тек ресейлік рубльге қатысты 4.77 теңгеден 4.91 теңгеге дейін (2.9%) босаңсыды. Бұған ресейлік валютаның қолдауға ие болғаны себеп болды. Яғни біздің Үкімет секілді Ресей басшылығы да өздерінің экспортқа шығарушыларын валюталық түсім ақшаларының бір бөлігін сатуға міндеттеді. Жалпы бағам белгілеудің ішкі факторлары өзгерген жоқ. Ал факторлардың сыртқыэкономикалық теңгерімінде жағымсыз жайт орын алды.
Айталық, Доллар индексі бір апта ішінде 0.6 пунктке нығайып, аптаның соңында 106.7 пункт деңгейінде қалыптасты. АҚШ-та доллар инфляцияға қатысты статистика бойынша болжамдардың жағымсыз сипатта қалыптасқандығы аясында нығаюда. Деректерге сәйкес қыркүйекте Тұтынушылық бағалар индексі бір ай ішінде 0.4%-ға өссе, жылдық тұрғыда 3.7%-ды құрады (болжам бойынша 3.6%-ды құрауы керек болған). Халықтың инфляцияға қатысты түйсігі көңілсіз сипат ала бастады. Ол бес айлық максимумға жетті. Инфляция өршитін болса, Федералдық резервтік жүйе базалық мөлшерлемені көтеретіні анық.
Мұнай бағасы апта барысында әртүрлі бағытта құлпырды, бірақ апта соңында баррель бағасы 90.9 доллар деңгейінде қалыптасты. Апталық өсім - 7.5%-ды құрады. Бағаның бұлайша құбылуын Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың ушығуы мұнай трейдерлеріне (сатушыларына) жағымсыз әсер етіп жатқандығымен түсіндіруге болады.
Аптаның басында Сауд Арабиясы Солтүстік Азиядағы клиенттеріне мұнайды толық көлемде жеткізетіндігін жариялады. Демек бұл мұнай жеткізуде ешқандай кедергі жоқ екендігін білдіреді. Алайда қақтығыс шиеленісіп, Иранның оған қатысу ықтималдығы артқан сайын мұнай бағасы өсіп, бір баррель 90 доллардан асты. Иран қақтығысқа қатысатын болса, АҚШ Иран мұнайын экспортқа шығаруға қатысты санкцияны қатаңдатуы мүмкін. Бұрындары мұнай өндіруді қысқартқаны үшін АҚШ ирандық мұнайдың экспортқа шығарылуы көлемінің артуына көз жұма қарайтын.
Өткен аптада рубль бағамы долларға қатысты 3.1%-ға өсіп, бір доллар 97.2 рубльді құрады. Рубль ұзақ уақыт бойы босаңсығаннан кейін қайта нығайды. Мұны Үкіметтің ресейлік валютаның бағамын тұрақтандыру бойынша жүргізіп жатқан шараларының нәтижесі деп түсіну қажет. Бұл жерде негізгі шара – 43 экспорттаушы компаниялардың валюталық түсімнің кемінде 80%-ын сатуға міндеттілігі. Аталмыш шара нарықта шетелдік валютаның ұсыну көлемін арттыруға мүмкіндік береді. РФ Орталық Банкі бағалардың өсу қарқыны бәсеңдемейінше базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұратындығы туралы мәлімдемелері де рубльдің нығаюына септігін тигізуде.
Теңге бағамы біз болжаған ауқымда қалыптасуда және бұл экономикалық агенттердің сыртқыэкономикалық өзгерістерге қатысты салқынқандылық танытып жатқандығын көрсетеді. Мұны Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 2023 жылдың соңына дейін ағымдағы деңгейінде сақтауды көздейін ниеті аясында ішкі валюталық саудаға қатысушылардың валюталық болжамдарының тұрақталғандығымен түсіндіруге болады. Біздің болжам бойынша ағымдағы айда теңге бағамы АҚШ долларына қатысты 473-479 теңге ауқымында болады.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Сұнғат Рысбек
ТалдаушыЕң пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз