Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Валюта жетілігі (2023.25.09-29.09)

Биылғы жылдың қыркүйек айында біз теңге бағамының шетелдік валюталар себетіне қатысты әлсірегенін байқадық. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы қыркүйектің қорытындысы бойынша 3.2%-ға төмендеп, 474.5 теңгені құрады. Теңге бағамы бұлайша оған ішкі қолдау көрсету факторларының жойылып, сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің түзетілуіне байланысты құбылды.

Бірінші фактор – квазимемлекеттік сектор субъектілерінен валюталық түсім ақшаларының бір бөлігін (30%-ын) міндетті түрде теңгеге айырбастауды талап ету шарасы жойылды. Бұған дейін мұндай айырбастау тек қана биржалық нарықтың өзінде валюта ұсынысының 10%-ын қамтамасыз етті. Оған қоса валютаны осындай көлемде ұсыну көлемі іргелі сыртқыэкономикалық факторлардың нашарлауына қарсы теңге бағамының құлпыруын барынша жұмсартып келді. Ал экономикалық өсімнің оң сипатта өрбуі және жоғары базалық мөлшерлеме аясында бағалық қысымның төмендеуі халықтың «ақша құнсызданады» деген қауіпін біршама сейілтті және олардың теңгелік активтерге деген қызығушылығын арттырды. Жыл басынан бері біз халықтың банктердегі жинақ ақшаларының валюталық депозиттерден теңгелік депозиттерге ағылғандығын, сондай-ақ валюта айырбастау пункттерінде валютаның нетто-сатып алыну көлемінің төмендегенін байқадық. Мұндай саясат бейрезиденттер үшін Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция жұмсаудың тартымдылығын арттырды. Осылайша жоғарыда аталған факторлар теңге жайғасымының ұзақ уақыт бойы мықты болуын қамтамасыз етті – ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 440-455 теңге деңгейінде тербеліп келді.

Тамыз айының соңында Ұлттық Банктің инфляцияға қатысты ой-пікірі өзгерді, артынша монетарлық талаптарды әлсірету саясаты қолға алына бастады. Мұнда бірінші кезекте 8 ай бойы бір деңгейде (16.75%) ұсталған базалық мөлшерлеме 16.5%-ға дейін төмендетілді. Осының барлығына нарық мойын бұра бастады. Осы жерде Ұлттық Банктің алдағы саясатына және, сәйкесінше, теңгелік активтердің табыстылығына қатысты айтарлықтай түсініксіздік туындады. Өйткені инфляцияның көтерілу қаупі әлі де жоғары, Үкімет болса бюджеттік шығындарды арттырған үстіне арттырып жатыр. Әрине, бұл экономиканың ысынуына «май» құя түседі. Ал осындай түсініксіздік кезінде доллар - жанға жайлы, қауіпсіз айлаққа айналатыны белгілі. Доллар жайғасымы ғаламдық тұрғыда нығая бастаған соң, экономикалық агенттер біртіндеп тәуекелі мол активтерден құтыла бастады. Теңгенің әлсіреуі бір есептен осыған да байланысты.

Импорт өсіп жатқан шақта доллар ұсынысының айтарлықтай азайып, оған деген сұраныстың артуы да теңгенің әлсіреуіне түрткі болды. Нәтижесінде өткен аптаның өзінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы доллар үшін 482 теңгеге дейін төмен түсті. Бұл ұлттық валюта бағамы үшін жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Үшінші тоқсанның аяқталып, Jusan Analytics командасының кезекті болжамдық раунды кезеңінің келіп жеткендігін ескеріп, біз теңгенің айырбас бағамы бойынша өз болжамымызды жаңарттық. Біздің болжауымызша бұдан әрі қарай теңге бағамы едәуір құбылады. Сөйтіп жыл соңына қарай доллар үшін 472- 489 теңге аумағында қалыптасады (жыл басынан санағанда 1.9% - 5.7%-ға, ал қыркүйектің қорытындысы бойынша айқындалған бағаммен салыстырғанда +0.6% мен -3.6%-ға әлсірейді).

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Сұнғат Рысбек

Талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз