Ғаламдық Дастархан индексі: 2023 жылдың шілде айының қорытындысы
Ғаламдық Дастархан индексінің есебі әлемнің дамыған және дамушы елдерінің 34 қаласы бойынша алынған деректерге негізделген. Бұл шығарылымға біз екі елді – Ресей мен Өзбекстанды, дәлірек айтар болсақ, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент және Самарқан қалаларын қостық.
Еске саламыз: Дастархан индексі дәстүрлі 5 тағам түрінен тұрады (сорпа, ет ауқат, көкөніс салаты, бауырсақ порциясы, жент және сүт қосылған шай) және әлемнің әртүрлі қалаларының тұрғындары орташа жалақыға осы тағамдардың қанша порциясын сатып ала алатындығын көрсетеді, сондай-ақ олардың сатып алу қабілетін бағалайды.
Сонымен қатар Қазақстан қалалары үшін Индексті есептеу әдіснамасы өзгерді: бұған дейін порциялар санын есептеу үшін ресми статистика деректеріндегі орташа жалақы пайдаланылатын. Ал қазір - Jusan big-data деректері. Индекстің ағымдағы және оған дейінгі нұсқаларындағы порциялар саны бойынша айтарлықтай айырмашылықты осы жайтпен түсіндіруге болады.
Ең көп Дастархан порциясы бар әлем елдерінің алғашқы бестігіне АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Люксембург және ОАР кіреді. Өткен жолғы шығарылыммен салыстырғанда жоғарғы ауқымдағы елдердің қатары өзгеріссіз қалды. Дегенмен Сингапур мен Бирмингемде Дастархан порциясы сәйкесінше 14 және 31 порцияға азайды. Бұл ретте Сингапурде жалақы өзгеріссіз қалса, Бирмингемде ол аздап өсті. Бірақ барлық дерлік құрамдас өнімдердің бағасы, әсіресе тары мен сүт бағасының өскендігі байқалады.
Төменгі диапазонда бірқатар өзгерістер орын алды: жаңартылған деректер бойынша ең аз Дастархан порциялары Батуми, Самарқан, Ош, Каир, Александрия тұрғындарына тиеді. Бұл қалаларда порция саны да, жалақылардың орташа деңгейі де төмендеді. Бұған қоса Мысырдың бірден екі қаласы рейтингтің ең төменгі жағынан орын алды.
Қалалардың ішінде Дастархан порциясының көптігі жағынан Вашингтон – 605 порция (614)1 және Нью-Йорк – 553 порция (504) қалалары ерекшеленеді. Олар сонымен қатар жалақы мөлшері бойынша да көш басында. Ал ең аз Дастархан порциясы Мысырдың екі қаласына тиесілі: Каир – 35 (50) және Александрия – 34 порция (45). Рейтингтің өткен жолғы аутсайдері - Ош қаласы өз жайғасымын аздап жақсартты. Өткен жолғы көрсеткішке 19 порция қосылды.
1 жақшада Индекстің бұрынғы мәндері көрсетілген
Бұдан басқа, қазір кейбір қалалар бойынша порциялардың көбейгендігі, ал басқалары бойынша азайғандығы байқалады. Индекстің бұрынғы деректерімен салыстырғанда тізімдегі қалалардың жартысына жуығында порциялар саны азайған. Мұны әр елде жалақы мен инфляция деңгейі бойынша айырмашылық айтарлықтай екендігімен түсіндіруге болады. Мысалы, Нью-Йоркте жалақы Александрияға қарағанда 49 есе жоғары. Бірақ Нью-Йоркте Дастархан үшін азық-түлік себетінің бағасы бар болғаны 3.02 есе ғана жоғары екенін көреміз.
Егер Қазақстанды басқа елдермен салыстыратын болсақ, Алматы мен Астана тұрғындарына тиесілі порциялар саны вашингтондықтарға қарағанда 3.5 есеге аз. Бұл ретте Астанада Индекс Марсельге қарағанда 13 порцияға кем. Сонымен қатар Алматы мен Астанадағы көрсеткіштер Сеул мен Санкт-Петербургке қарағанда сәйкесінше 27 және 12 порцияға көп. Әрине, өмір сүру сапасы көптеген өлшемшарттар бойынша бағаланады және тамақ өнімдерінің қолжетімділігі солардың біреуі ғана.
Осылайша осы деректерімізге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады, яғни біздің қалаларымыздың азық-түліктік сатып алу қабілеті қазір Шанхай және Марсель секілді қалаларға жақын.
Мемлекет | Қала | Дастархан порциясының саны 2023 шілдесі бойынша | Өзгеріс |
АҚШ | Вашингтон | 605 | -9 |
АҚШ | Нью-Йорк | 553 | 49 |
Ұлыбритания | Лондон | 505 | 19 |
Сингапур | Сингапур | 479 | -14 |
Люксембург | Люксембург | 443 | 4 |
Ұлыбритания | Бирмингем | 439 | -31 |
ОАР | Кейптаун | 355 | 44 |
Швеция | Стокгольм | 343 | 25 |
ОАР | Йоханнесбург | 341 | 17 |
Швеция | Гетеборг | 302 | 35 |
Ресей | Мәскеу | 286 |
|
Қытай | Бейжің | 249 | 98 |
Чехия | Прага | 248 | 2 |
Франция | Париж | 245 | -35 |
Чехия | Брно | 228 | 19 |
Оңтүстік Корея | Пусан | 227 | -12 |
Қытай | Шанхай | 198 | 9 |
Франция | Марсель | 186 | -6 |
Қазақстан | Астана | 173 | -63 |
Қазақстан | Алматы | 170 | 10 |
Ресей | Санкт-Петербург | 161 |
|
Оңтүстік Корея | Сеул | 143 | 17 |
Аргентина | Буэнос-Айрес | 132 | 25 |
Вьетнам | Ханой | 103 | 12 |
Чили | Пуэнте-Альто | 99 | 12 |
Чили | Сантьяго | 97 | -3 |
Өзбекстан | Ташкент | 97 |
|
Грузия | Тбилиси | 86 | -7 |
Түркия | Анкара | 82 | -30 |
Қырғызстан | Бішкек | 80 | 6 |
Түркия | Ыстамбұл | 76 | -21 |
Вьетнам | Хошимин | 75 | 9 |
Грузия | Батуми | 73 | -18 |
Өзбекстан | Самарканд | 61 |
|
Қырғызстан | Ош | 58 | -38 |
Аргентина | Кордова | 38 | -29 |
Мысыр | Каир | 35 | -15 |
Мысырт | Александрия | 34 | -11 |
Алибек Сергалиев
Кіші талдаушыҰқсас жаңалықтар
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз