Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
ESG13.03.2024

Jusan Bank тұрақты даму туралы үздік есебі үшін марапатталды

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған жылдық есептер байқауында Jusan Bank "2022 жылғы тұрақты даму туралы үздік есеп" номинациясына ие болды.

Сондай-ақ аталмыш номинацияда жүлдегерлер қатарында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" бой көрсетті. Осылайша, Jusan Bank тұрақты даму туралы есебі (ESG-есеп) тиісті номинация бойынша беделді байқауда үздік марапатқа ие болған қаржы секторындағы жалғыз компания болды. 

«Қазылар алқасының жоғары бағасы, біздің банктің ESG трансформациясы және қаржылық емес ақпаратты ашу мәселелері бойынша көшбасшылық ұстанымын растады. Біз тұрақты даму саласындағы ең озық тәжірибелерді өз қызметімізге енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп байқауды қорытындылады банктің Басқарушы директоры Арман Қасенов.

Байқау барысында байқауға қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлғалардың 2022 жылғы жылдық есептері мен тұрақты даму туралы есептері бағаланды.

Биржа қатысушылар ұсынған есептердің әртүрлі сипаттамаларын сараптау әдістері ескерілген арнайы бағалау тәртібін әзірледі. Жылдық есептер барлығы 150 көрсеткіш бойынша сараланды. 

Байқауға қаржылық және қаржылық емес сектордың ұйымдары, сонымен қатар жария емес компаниялар қатарынан 21 өтінім берілді.

  Айта кетсек, осы жылдың басында Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG ақпаратты ашу бойынша елдің 50 үздік компаниясының рейтингінде Қазақстан банктері арасында ең жоғары орынды иеленді.

Басқа жаңалықтар

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңг...

Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтинг...

Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік...

Jusan Bank S&P Global Corporate Sustainability Ass...

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі алғаш р...

«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...

Jusan Bank дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – экологиялық, әлеуметтік және ко...