Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
ESG01.11.2022

«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарамыз

Jusan Bank дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – экологиялық, әлеуметтік және корпоративті басқару  (Environmental, Social and Corporate Governance, ESG). Банк тұрақты банкингті дамыту және барлық деңгейде ESG-стандарттарын енгізу бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде. Біз орын алып отырған әлеуметтік жағдайлардан сырт қалмаймыз, соның ішінде экологиялық мәселелерге аса көңіл бөлеміз, сондықтан да осы «Жасыл офис» жобасына бастамашылық таныттық.

25 мамырда Банкте офистік қоқыс-қалдықтарды сұрыптауға қатысты пилоттық жоба іске қосылды. Ауқымды әзірлеме және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тамыз айында Бас Банкте, Алматы және Астана қалаларындағы БҚО-ларда жобаны іске қосу жұмыстары басталған еді. Жуырда жоба командасы Қарағанды, Ақтөбе және Атырау қалаларына сұрыптау бокстарын орнату арқылы «Жасыл офис» аумағын кеңейту туралы шешім қабылдады.

Бүгін аралық қорытынды шығара отырып, біз дұрыс бағытта екенімізді сенімді түрде айта аламыз. Осы аз ғана уақыт ішінде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне өзіндік үлес қоса білдік. Аталмыш кезеңнің өзінде 845 кг макулатура, 194 кг пластика мен 128 кг шыны қайта өңделді.

Айта кету керек, пластикті бірінші өңдеуге қарағанда қайта пайдалану кезінде электр энергиясы 88% үнемделеді. Сонымен қатар, бұл қоқыс полигондарының ауданын азайтуға көмектеседі, 1 104 кВТ электр қуатын және 604 л мұнайды үнемдейді.

Қағаз қалдықтарын сұрыптау арқылы сіз 8 ағашты кесуден сақтап, 16 896 литр су, 845 кВТ электр энергиясын үнемдедіңіз және CO2 шығарындыларын 1 436 кг азайттыңыз.

ESG – тұтас Jusan командасының корпоративті әлеуметтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі және біздің бұл бастамамыз жақын уақытта барлық жерде жалғасын табады деп сенеміз!

Басқа жаңалықтар

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңг...

Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank тұрақты даму туралы үздік есебі үшін ма...

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған жылдық есептер байқауында Jusan Bank ...

Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтинг...

Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік...

Jusan Bank S&P Global Corporate Sustainability Ass...

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі алғаш р...