Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар09.06.2023

Бизнес интуициямен емес, деректермен жұмыс істейді - Jusan Bank басшысы статистикалық деректердің артықшылықтары мен сараптаманың рөлі туралы

Қазақстанда банктің бизнеске қызмет көрсетуі қаржы қызметтерінің шеңберінен асып түсті. Бұдан банкирлер Қазақстандағы ШОБ-ты дамытудың үлкен әлеуетін көріп отыр. Бұл пікірді Astana International Forum 2023 сөйлеген сөзінде Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов айтты.

Жаһандық сын-қатерлер мен қазақстандық бизнестің мүмкіндіктеріне арналған панельдік сессия барысында Нұрдәулет Айдосов 5 жыл ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі ШОБ үлесі айтарлықтай 10%-ға артқанын атап өтті. Банк басшысы қазақстандық экономиканың өсуіне әсер ету үшін бұл оң үрдісті толық қолдау маңызды деп есептейді.

«Егер жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім туралы айтатын болсақ, онда біздің еліміз Қытайды қоспағанда, көршілерінен шынымен де жоғары. Біз әлемдік рейтингте Мексика мен Польшаның арасында тұрмыз. Бірақ бұл үрдісті қолдау және одан әрі дамыту қажет. Мысалы, жоғары сапалы статистикалық мәліметтер мен аналитиканы алу мен пайдалану негізінде дамыған еуропалық елдердің бенчмаркын пайдалану», - деді Айдосов.

Банкир Jusan Bank-тегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету мысалында ақпараттық деректердің мүмкіндіктері туралы айтты.

«Қазақстанда бизнеске төлем жасау, карта шығару, несие және басқа да классикалық қаржы өнімдері сияқты банк өнімдері ұсынылады. Дегенмен қазіргі уақытта кейбір ЕДБ төлемдерді жүзеге асыруға арналған онлайн-шоттар, бизнесті жүргізуге арналған автоматтандырылған онлайн-бухгалтерия және кейбір статистика сияқты қызметтердің жетілдірілген пакетін ұсынады. Мысалы, Jusan Bank Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу туралы Ösim журналын шығарады», - деп түсіндірді ол.

Іскерлік журналдың көмегімен банк клиенттерге заңнамадағы өзгерістер туралы, басқа кәсіпкерлердің тәжірибесі – олардың жетістіктері мен қателіктері, қаржылық тұрғыдан басқарудың ең жақсы тәсілі және т.б. туралы өзекті ақпаратты алуға көмектеседі.

Ал банктің онлайн-платформасында – Jusan Oracle – іскерлік шешімдер қабылдауға қажет сараптама жарияланады. Сатып алушылар арасында ең танымал орындарды, сатып алудың орташа чектерін, бір шаршы метрге бизнестің шоғырлануын және тағы басқаларды қоса алғанда, қызмет Алматы мен Астана қалаларында, жақын арада еліміздің басқа қалаларында да қолжетімді.

«Біз мұны клиенттермен тегін бөлісеміз және олар өз әрекеттерін интуицияға емес, деректерге негіздейді», - деді Айдосов.

Jusan Bank басшысы бұл қызметтердің ШОБ субъектілеріне мүлдем тегін көрсетілетініне де назар аударды.

«Ең бастысы, біз олардың өсуіне көмектесеміз. Осылайша, кәсіпкерлер біздің өнімдерді ғана емес, басқа да қаржылық емес қызметтерді пайдаланады. Біз банк ретіндегі табысымыз клиенттеріміздің табысына негізделген деп есептейміз, сондықтан қазақстандық кәсіпкерлердің дамуына көмектесуді өз міндетіміз деп санаймыз», - деп түйіндеді ол.

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...