Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар28.04.2023

E+Awards 2023: Jusan бірден үш марапатқа ие болды

Jusan халықаралық E+ Awards маркетинг премиясында үш марапатқа ие болды. Бұл сыйлық ең беделді сыйлықтардың бірі және маркетингтік кампаниялардың бизнес-көрсеткіштерінің тиімділігіне беріледі. Биыл фестиваль алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда өтті. 

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 200 қазы қараған байқауға Jusan өзінің сәтті кейстерін ұсынды. «Игі істерге миллион» жобасы «Brand Experience» номинациясында күміс жүлде және «Қысқамерзімді әсер ететін кампаниялар» аталымында қола жүлде алды. Сонымен қатар банктің жаңа маркетингтік стратегиясы «Ребрендинг» номинациясында күміс жүлде алды.

«Jusan жұмысы халықаралық деңгейде мойындалып, саланың кәсіби мамандары тарапынан жоғары баға алғанын мақтан етеміз. Дұрыс бағытта дамып, тиімді маркетингтік кампания және тиімді коммуникациялық стратегияны іске асырып жатқанымызға көзіміз жетті. Клиенттеріміздің игілігіне жұмыс істеп, жаңа идеяларды іске асырып, максималды нәтижелерге жете береміз. Бұл Jusan-ның барлық департаменттерінің керемет жұмысының нәтижесі», – деді Jusan маркетинг директоры Дана Дюсекова.

E+Awards атымен де танымал Effie халықаралық пермиясы маркетинг және жарнама саласындағы ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Effie маркетингтік және жарнамалық кампаниялардың арқасында жететін бизнес-нәтижелердің тиімділігіне беріледі. Бұл дегеніңіз – Effie жеңімпаздары тек креативті ғана емес, сонымен қатар бизнес пен клиенттерге нағыз пайданы да қатар алып жүре алады деген сөз. 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...