Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар29.10.2022

Jusan Bank басшысы Nobel Fest фестивалінің жетекші спикерлерінің бірі болды

26-28 қазанда Астанада V Nobel Fest форумы өтті. Жиында әлемнің алты елінен беделді марапаттардың лауреаттары мен жас ғалымдардың басын қосты. 

Жиында сарапшылар ғылым саласындағы зерттеулерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Сөз сөйлегендердің арасында Банктің басқарма басшысы Нұрдәулет Айдосов болды. Ол алдағы жылдардағы жаһандық экономиканың болашағына тоқталды. 

"Қазір инфляция өте жоғары. Айтар болсақ, қыркүйекте АҚШ-та инфляция 8,8 %-ға жетті. Мұндай көрсеткіш соңғы 40 жыл бойы болмаған. Халықаралық сарапшылар жаһандық инфляция шамамен 8 %-ға жетуі мүмкін деп болжауда. Бізге келсек, Қазақстан – негізінен импорттаушы ел, сондықтан инфляция бізді айналып өтпейді. Бүгінде барлық елдің орталық банктері инфляциямен күресіп жатыр. Тек 2020 жылдың өзінде федералды резерв мөлшерлемені 5 рет көтерген. Өздеріңіз білетіндей, таяуда ғана біздің Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді. Бұл дегеніміз арзан ақша дәуірі кетті деген сөз. Ендігі уақытта компанияларға ірі көлемдегі несие де айтарлықтай көмегін тигізбейді. Бұның арты қаржы дағдарысына әкеледі», - деді Нұрдаулет Айдосов. 

Айта кетсек, форумда қазақстандық жас ғалымдар Нобель сыйлығының лауреаттарымен тілдесіп қана қоймай, өздерінің ғылыми жаңалықтарын таныстыра алды. Жалпы шараға 1000-нан астам қазақстандық ғалымдар қатысты. Олардың кейбірі Пәкістанда өтетін алтыншы Нобель фестиваліне жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...