Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар20.06.2022

Jusan Bank алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Мезеттік төлемдер жүйесіне қосылды

20 маусым 2022 жыл, Алматы. Қазақстанда Мезеттік төлемдер жүйесі іске қосылды. Jusan Bank алғашқылардың бірі болып жүйеге қосылып, өз клиенттеріне басқа банктерге жылдам ақша аударымдарын жасау мүмкіндігін ұсынды.

Мезеттік төлемдер жүйесі (МТЖ) — бұл мобильді телефон көмегімен ұлттық валютада мезеттік ақша аударымдарын және төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис. Енді басқа банк клиенттеріне карта нөмірін және басқа деректемелерді сұратудың қажеті жоқ. Сервис Jusan мобильді қосымшасында 24/7 режимінде қолжетімді.

Jusan Bank басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Нұркенов атап өткендей, бұл жаңашылдық қазақстандықтарға ақша аударымдары бойынша операцияларда өзіне шектеу қоймауға мүмкіндік береді. «Өз клиенттеріміздің мүддесі үшін біз бәсекелестік мәселесін ысырып қойып, жеке қаржыны басқаруға қажетті барынша ыңғайлы шешімдерді ұсынуға тырысудамыз. «Коммерциялық банк – қаржы-техникалық компания» тұрғысынан ғана емес, екінші деңгейлі банктердің арасындағы да осындай бірігу – отандық қаржы сервистерінің дамуындағы өте маңызды әрі елеулі қадам», - дейді Ғабит Нұркенов. 

Ақша аударымын жасау үшін Банктің мобильді қосымшасында авторизациядан өту, «Ақша аударымдары» бөліміне кіру және «ҚР нөмірі арқылы ақша аударымдары» категориясын таңдау қажет. Әрі қарай алушының телефон нөмірін, ақша аударымы сомасын және алушының банкін көрсету керек.

 

БАҚ-қа арналған байланыс ақпараты:

Гаухар Керимова 
pr@jusan.kz 
+7702-215-0117

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...