Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар27.03.2023

Jusan Bank жаһандық Жер сағаты науқанына қосылды

Jusan – клиенттерге қаржылық және қаржылық емес қызметтердің сан алуан түрін ұсынатын Қазақстандағы жетекші банктердің бірі. Банк сапалы қызмет көрсетуден бөлек, экологиялық және әлеуметтік бастамаларға қатысуды жөн көреді. Солардың бірі – жыл сайын өткізілетін климаттың өзгеруі және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне әлем елдерінің назарын аударуға бағытталған жаһандық Жер сағаты науқаны.

Биыл Jusan Bank 180 елдегі 7000 қала қосылған жаһандық акцияның қазақстандық серіктесі болды.

Сондай-ақ Jusan Bank энергия үнемдеудің маңызды бастамасына назар аударып, табиғатты аялауға шақыру үшін өз кеңселері мен филиалдарында жарықты бір сағатқа өшірді. Осылайша банк планетаны қорғау кішкентай қадамнан басталатынын өз ісімен көрсетті.

«Jusan Bank Жер сағаты науқанына қатысып қана қоймай, сонымен қатар қызметімізге экологиялық тәжірибені енгізуді қамтитын кең ауқымды бастаманы қолға алып отыр. Jusan заманауи банк ретінде қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін түсінеді. 
Бұл акцияға қатысу арқылы банк климаттың өзгеруіне алаңдаулы екенін көрсеткісі келеді. 
және экологиялық мәселелерге қазірден бастап назар аударуға шақырады», - дейді 
Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Оның айтуынша, «Жер сағаты» акциясы –  әлемді жақсарту үшін тұрғындар мен компанияларды біріктіретін бірлік пен татулықтың символы. Бұл Jusan үшін де маңызды, өйткені банк Қазақстанның әлеуметтік өміріне белсене араласып қана қоймай, өз клиенттері мен қоғамға пайдалы болуға ұмтылады.

Айта кетсек, акцияға банктің бас кеңселері ғана емес, Қазақстандағы барлық аймағындағы филиалдары да қосылды.

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...