Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар10.11.2022

Jusan Bank киберқауіпсіздік бойынша көшбасшы атанды

KPMG "Коммерциялық банктердің веб-сайттары мен мобильді қосымшаларының қорғалуын бағалауға" сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның топ-5 банкіне First Heartland Jusan Bank (83,86%), Altyn Bank (82,29%), Bank RBK (79%), Zaman Bank (78,75%), Bank CenterCredit кірді (78,71%). Қазақстанның орташа бағасы 62,64%-ға тең.

Құжатта 12 банктің төртеуі мобильді қосымшаларда SSL-pinning-ті жүзеге асырғаны, тек бір банк қосымша қауіпсіздік шараларын қолданғаны атап өтілген.

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының "Қазақстан банктерінің 2021 веб-ресурстарының қорғалуын талдау нәтижелеріне" сәйкес, өткен жылы еліміздің барлық банктері ресми сайттың қорғалу деңгейінің көрсеткіштерін шамамен 19,6%-ға жақсартты. Қауіпсіздік деңгейі бойынша ТОП-10-да Alfa Bank (85%), Bank RBK (83%), Citi bank (81%), Halyk Bank (81 балл), Freedom Finance Bank (80%), Jusan Bank (79%), Kaspi Bank (78%), Отбасы банк (77%), BCC Bank (75%), KZI Bank (75%) орналасқан. Олардың веб-ресурстарының орташа қауіпсіздігі 70%-ға тең.

Оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету санатында сайттың басты бетінің ең қауіпті 10 осалдық тізіміндегі шабуылдарға ұшырауы бойынша бес банк ең жақсы нәтиже көрсетті, олардың ішінде Bank RBK, Jusan Bank, Альфа банк, Citi Bank, Сбер (қазіргі Береке).

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері қазақстандық банктердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып келе жатқанын атап өтті. Алайда олардың кейбіреулерінде елеулі қиындықтар орын алған және олар қысқа мерзімде түзетілуі керек. Ең жиі кездесетін мәселелердің бірі - сайттың жұмысында бұзушылықтар анықталған жағдайда ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің байланыстарының болмауы. Сондай-ақ трафикті шифрлау және қауіпсіз қосу нұсқасын мәжбүрлеп пайдалану жиі болмайды. Дегенмен талдау пайдаланушылар веб-сайтқа өткен кезде оларға қауіп төндіретін ресурстарды анықтаған жоқ.


Дереккөз: Lsm.kz 

 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...