Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар13.04.2023

Jusan Bank алғаш рет клиенттер үшін Retail Fest өткізді

Банктің барлық деңгейдегі топ-менеджерлері филиал қызметкерлерінің орнына бір күнге фронт-офистерде жұмысқа шықты. Негізгі мақсат – клиентке жақын болу, сұраныс пен қажеттіліктерді анықтау, сонымен қатар кеңес беру мен қызмет сапасын арттыру. Шараның екінші күні Jusan жаңа өнімдерді таныстырып, цифрлық экожүйесінің мүмкіндіктері көрсету үшін клиенттер мен серіктестерінің басын қосты. 

Jusan Retail Fest-тің алғашқы күнінде Қазақстандағы 17 жергілікті филиал мен бөлшек сауда бизнес клиенттеріне қызмет көрсету бөлімінде бас банктің топ-менеджерлері мен аймақтық бөлімше басшылары филиал қызметкерлерінің міндеттерін орындады. Атап айтсақ, байланыс орталығында кеңес беріп, мобильді қосымшада төлем карталарын ашуға және онлайн несие рәсімдеуге жәрдемдесті, байланыс орталығында клиенттердің қоңырауларына жауап берді. Мұның мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін түсіну, сервисті жақсарту және процестерді жеделдету, сондай-ақ Jusan экожүйесін дамыту бойынша идеяларды жинау.

Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов:

«Бүгінде Jusan қазақстандықтардың күнделікті қажеттіліктерін қамтитын цифрлық экожүйе ретінде дамып келеді. Оның ішінде банк өнімдерінен бөлек, сақтандыру, инвестиция, маркетплей, ұялы байланыс, білім алу, саяхат сынды қызметтерге қол жеткізуге болады. Қызметтердің кең ауқымының арқасында 3 миллионнан астам клиент бізге сенім артып отыр, бұл біздің жұмысымыздың ең маңызды бағасы».

Jusan өз тұтынушыларының қажеттіліктерін бірінші орынға қояды. Одан бөлек әрбір қазақстандық үшін инновациялық шешімдер мен өміріне қажет мүмкіндіктер ұсынатын цифрлық платформаны барлық бағытта белсенді түрде дамытуда.
 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...