Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар23.01.2023

Jusan Business корпоративтік клиенттерге қолдау көрсетіп, қостанайлық кәсіпкерге бизнес-шаттл сыйға тартты

Jusan ШОБ-қа арналған акциясын қорытындылады, басты жүлде – Huyndai Staria бизнес-шаттл қостанайлық кәсіпкер Сергей Хасановқа бұйырды. Ұтыс жеңімпазы Instagram желісінде тікелей эфирде таңдалған болатын. 

Еске салсақ, «JUSAN-нан бизнес үшін автокөлік» науқанында корпоративтік клиенттер Jusan Business интернет-банкингінде транзакцияларды орындауы керек еді. Атап айтсақ: аударым жасау, қызметтер немесе тауарлар үшін төлем жүргізу, кәсіпкерлерге арналған ыңғайлы «Өз пакетіңізді жинаңыз» қызметін қосу және пайдалану, Jusan Tole көмегімен төлемдерді қабылдау тағысы тағы бар.

Сергей Хасановтың компаниясы экскаваторлардың қосалқы бөлшектерін сатумен айналысады. Кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру үшін Jusan Bank-те шот ашқан. 

"Біздің компанияға шот керек болды, таңдауымыз Jusan Bank-ке түсті. Науқан туралы айтып, жұмысқа қажеттінің бәрін алуға көмектескен менеджерімізге үлкен рахмет. Осылайша менің жасаған аударымым сәтті болып отыр. Мен қайтадан бала секілді ғажайыптарға сенетін болдым! Осы сезім үшін Jusan Bank-ке үлкен рахмет!» - деп бөлісті Сергей Хасанов.

Jusan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов мұндай науқандардың басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау екенін атап өтті.

«Jusan бөлшек сегментіндегі тұтынушыларға ғана емес, бизнеске де ыңғайлы өнімдер жасауға ұмтылады, сондықтан ұтысқа онлайн қызметті қолданушылар қатысты. Өйткені экономиканың драйвері – шағын және орта бизнес. Талдауымызға сәйкес, акцияға қатысушылардың 56%-ы жеке кәсіпкерлер, 44%-ы – ЖШС иелері. Олар - қызмет көрсету, сауда секторындағы компаниялар, одан бөлек өндірушілер. Біздің міндетіміз – шағын және орта бизнеске, оның ішінде біздің корпоративтік клиенттерімізге қолдау көрсету. Біз әрбір қазақстандық өз әлеуетін жүзеге асыруға қабілетті екеніне сенеміз, бастысы оларға бұл тұрғыда жәрдемдесу қажет», - деді ол. 

Науқанның барысында банктің корпоративтік клиенттері арасында 56 iРhone 14 смартфоны және бас жүлде – бизнес-шаттл ойнатылды. Смартфондар онлайн бизнес жүргізуге, ал автокөлік бизнесті әрі қарай дамытуға таптырмас көмекшіге айналары сөзсіз. 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...