Jusan мен қазақстандық өнерпаздардың бірегей туындысы тыңдарманға жол тартты
Jusan мен отандық музыканттар Жаңа жылға орай Jusan: Senimmen атты жаңа трек ұсынды. Түрлі музыкалық жанрдағы композициялар, заманауи дыбыстар мен электронды домбыраның синтезінен құралған коллаборация тыңдармандарды тәнті етуде.
Jusan мен композитор Дидар Исаханның ең ерекше әрі қызықты бірлескен трегін жасауға креативті индустрия өкілдері мен отандық орындаушылар қатысты, атап айтсақ: MOLDANAZAR, Aldiyar, Darkhan Juzz, Ayau, Dequine және De Lacure. Жанр мен идеялардың сан алуандығы тек музыкада ғана емес, Қазақстан табиғатының сұлулығын, қала көшелері мен өзге де кереметтерін көрсететін бейнебаянда да ұсынылған. Бейнебаян режиссері – Қуаныш Бейсек.
«Идея менікі, ал қалған барлық көркемдік шешімді қоюшылар командасы ұсынды. Сюжет қарапайым болғанымен, қызықты: динамика мен даму жөнінде, бірақ біздің бэкграундымызбен. Барлық жаңашылдыққа ашық болсаң да, өз бірегейлігіңді ұмытпауға шақыратын өзіндік жапон кейсінің бір түрі», - дейді Бейсек.
Әсем Зәмзам, Jusan бренд-менеджері:
«Музыканың өзінен-ақ ен дала мен жүйткіген арғымақтардың дыбысын, жусан бұтақтарының сыбдырын, туған жердің атқан таңы мен батқан күнінің бүгінгі уақытқа ұласуын электронды домбыра үнінің көмегімен сезінуге болады. Біз әрбір қазақстандық уақыт арасында кішігірім саяхат жасап, өз тарихының беттерін Jusan музыкасымен парақтай алғанын қаладық. Бұл саяхат әсерлі әрі шабытқа толы бола түсуі үшін біз музыкаға сөз қосуды жөн көрдік», - дейді Jusan бренд-менеджері Әсем Зәмзам
Дереккөз: Nur.kz
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...