Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар30.04.2023

Jusan және Астанадағы Махаббат марафоны

Jusan Астанада Ұлттық ғашықтар күніне орай өткізілген "Love Марафонға" қолдау көрсетті. Марафонның басты ерекшелігі – белгіленген арақашықтықты жұбыңмен бірге жүгіріп өту керек, ал бас жүлдеге Дубайға жолдама берілді. 

Ұйымдастырушылар марафон махаббат мен құндылықтарға мән беру үшін өткізіліп отырғанын айтады. Сондықтан арақашықтық да алшақ болмады: небәрі – 4 километр. Жалпы алғанда марафонға еліміздің әр аймағынан келген 150 жұп қатысқан. 

Jusan Bank-тің астаналық филиалы директорының орынбасары Нұрсұлтан Сматов:
«Jusan Bank үшін ұлттық Ғашықтар күніне арналған жүгіру марафонының серіктесі атану мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Біздің банктің ұраны - «Әрбіріңізге сенеміз! Саған сенеміз!». Сондықтан біз әр клиентімізге қаржылық мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ махаббат мен қамқорлық атмосферасын жасауда қолдау көрсетуге дайынбыз. Бренд құрылғалы біздің банкте 107 жұп пайда болды. Бұл құр сан емес, сонымен бірге Jusan Bank-тен бастау алған махаббат тарихы», - деп атап өтті.

Айта кетсек, Дубайға жолдаманы Алматыдан марафонға қатысу үшін арнайы барған жұп Виктория Сергеева мен Ракимжан Келманов жеңіп алды. 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...