Jusan мен жас суретшілер алматылықтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады
Алматыдағы көп қабатты үйлердің қабырғаларында бірегей жаңа жылдық пайда проекциялар пайда болды. Оларды Jusan қолдауымен Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі – Қазақстандағы алғашқы ЮНЕСКО клубы оқушылары дайындады. Байқауға 56 жұмыс ұсынылған еді, олардың ішінен әділқазылар бесеуін іріктеп алды. Осы бір суреттер Алматы көшелеріне жаңа жылдық әр берді.
«Жаңа жыл қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында біз осындай байқау өткізуді жөн көрдік. Оқушылар шарада белсенділік көрсетті, оқытушылар да барынша оларға қолдау білдіріп, бағыт-бағдар берді. Бір айта кетерлігі, суреттердің барлығы арнайы компьютерлік бағдарламада салынды. Байқауға 13-15 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары қатысты. Меніңше, мұндай байқаулар балалардың шығармашылығын шыңдауға және өнерін танытуға септігін тигізетіні анық», - дейді мектеп директорының орынбасары Ықылас Шайхиев.
Jusan-ның маркетинг департаменті директоры Дана Дюсекова еліміздің креативті индустриясын қолдаудың маңыздылығын айта келе, жобаға қатысқандардың барлығы сыйлықсыз қалмағанын сөз етті.
«Біз еліміздің креативті индустриясын дамытуға үнемі қолдау білдіреміз, қазірде шығармашыл жандармен бірнеше жобаны жүзеге асырып үлгердік. Ал жаңа жыл қарсаңында Jusan Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебімен бірігіп, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауды ұйғарды. Байқауға ұсынылған жұмыстардың барлығы да өте креативті, кейбірі тіпті тәжірибелі графикалық маманның қолынан шыққандай. Сондықтан біз қатысушылардың барлығын марапаттадық. Ең бастысы жас таланттардың көзінде отты оята алдық деген үміттеміз», - деп түйіндеді Дана Дюсекова.
Дереккөз: Nur.kz
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...