Jusan Шымкент тұрғындарына жарқын стрит-арт нысанын сыйға тартты
Түркістан көшесіндегі 11-ші үйдің ауласындағы ерекше жарқын мурал қала тұрғындары үшін қызықты орынға айналды. Бұл стрит-арт композициясын суретшілердің кәсіби командасы салды, ал Jusan Bank Қазақстанның аймақтарында шығармашылық қоғамдық кеңістіктер құру жобасының негізгі серіктесі болды.
Jusan Bank, Kazakh Tourism және Repass workshop-пен бірлесе отырып, осы арт-объектіні жасап, әртүрлі қалаларда муралдар сериясын жалғастырып жатыр.
Jusan басқарушы директоры Олегжан Бекетаев:
«Стрит-арт нысандары Корея немесе Жапония сияқты елдердің бетке ұстар белгісіне айналған креативті индустрияның үлкен бөлігі. Қазақстанда экономиканың бұл бөлігі енді ғана дамып жатыр. Біз Repass тобындағы Димамен бірлесіп, былтырдан бері сәтті дамып келе жатқан осындай жобаны жүзеге асыруды ұйғардық».
Jusan Bank туристік тартымдылық сыйлайтын әрі жастарды шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шабыттандыратын осындай муралдардың Қазақстанның әр қаласында пайда болуына септігін тигізгісі келеді. Осы орайда банктің ұраны «Әрбіріңе сенеміз, саған сенеміз» болуы да бекер емес.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...