Jusan Singularity ерекше қажеттіліктері бар балаларға IT-ден тегін курс өткізді
Jusan Singularity және iTeacher академиясы Apple компаниясының оқу бағдарламасын бейімдеп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі апталық тренинг өткізді. Swift тілінде бағдарламалау курсына қатысқан олар iPhone үшін алғашқы ойындарын жасады.
Балаларға Apple Trainer Certified сертификатына ие Смағұл Негматов тәлімгерлік етті. Түрлі диагнозы бар (Церебральды сал ауруы, Туретта, дизартрия, есту қабілетінің төмендеуі) 14 пен 18 жас аралығындағы 17 жасөспірім бағдарламалауды меңгерді. Сонымен қатар бағдарламалау негіздерін қамқоршылардың тәрбиесіндегі SOS ауылының тәрбиеленушілері де үйренді.
Jusan Singularity директоры Анар Садықованың айтуынша, Астананың өзінен барлығы 70 өтініш түскен.
«Өңірлерден, әсіресе оңтүстіктен өтініштер көптеп түсті. Жобаға ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қауымдастығы қызығушылық танытты. Мектепте ерекше қажеттіліктері бар балаларға бағдарламалауды үйрету үшін тұрақты оффлайн сабақтар іске қосылады деп жоспарлануда», - дейді ол.
Оқу сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, оқу мен демалыс үшін жағдай жасалған мектепте өтті. Мектептің басты мақсаты – балалардың әлеуеті мен олардың техникалық мамандыққа қызығушылығын анықтау.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, балалар курс нәтижесінде бағдарламалау дағдыларына ие болып, болашақ мамандығы туралы шешім қабылдап, өз қабілеттеріне сенімділігін арттырады. Ал ерекше қажеттіліктері бар балалар
стереотиптер мен қорқыныштарып жеңіп, қоғамға бейімделу мүмкіндігін иеленеді.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...