Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар16.07.2024

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрмесіне шақырады

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірген кәсіби фотографтардың үздік жұмыстарын тамашалай алады. Ол шілденің 16 және 30 аралығында «Jusan Vibe» шығармашылық кеңістігінде өтеді. Көрменің мақсаты — шығармашылық арқылы жергілікті фаунаның әдемілігі мен байлығын көрсетіп, биологиялық алуандықты сақтаудың маңыздылығын еске салу.  

«Jusan Bank» Басқарма төрайымы Гүлмира Джумадиллаева атап айтқандай, «Jusan Vibe» көп функционалды өнер кеңістігі шығармашылық жолындағы адамдарды тарту жері, көрмелерге, лекцияларға, талқылауларға, шеберлік кластарына арналған алаң ретінде құрылды. 2023 жылы ашылған сәтінен бастап осында 100-ге жуық суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары көрсетілді. Галерея қонақтары авторлардың бірегей стилін, олардың қоршаған әлемге деген көзқарасын және мәдениеттердің алуандығын тамашалай алды.

«Jusan Bank» өзінің өнер кеңістігінде еліміздің аумағын мекен ететін құстар суреттерінің бірегей көрмесін қабылдауға риза. Банк және «Jusan Vibe» атынан сіздерді қарсы алып, Қазақстанның тірі табиғатының ғажайып әлеміне шақырамын», — деп қосты Гүлмира Джумадиллаева.

Көрме еліміздің аумағында мекендейтін барлық құстар туралы «Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» атты қазақ тіліндегі алғашқы толық далалық анықтағышының шығарылуына ұштастырылған. Көрме ұйымдастырушысы «National Geographic Qazaqstan» ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда мемлекетіміздің аумағында еліміздің барлық ландшафт аймақтарын — даланы, ормандарды, тауларды, шөлдерді мекен ететін 500-ден астам құс түрі бар. Табиғи аймақтардың сан алуандығының арқасында елімізде қоқиқаз, жек, қара бозторғай, бірқазан, қылқұйрық бұлдырық, орақтұмсық, жұмақ шыбыншы және тағы да сол сияқты бірегей құстар бар. Оларды табиғи орталарында кездестіру — көптеген қанаттылар сүйгіштердің немесе бердвотчерлердің асыл арманы. Сирек құстарды суретке түсіру үшін олар жыл сайын бүкіл әлемнен Қазақстанға келіп тұрады. Алайда, еліміздің өзінде құстарға деген қызығушылықты танытатын адамдар әлі де аз.

Кітапты шығару мақсаты — қазақстандық студенттерді табиғатты қорғау секілді зерттеу саласына қызықтыру. Кітап «Шеврон» компаниясымен бірге «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» (АСБК) тарапынан жүзеге асырылатын «Students for Nature» жобасының аясында шығарылды. Оның авторлары — Қазақстан құстарын ондаған жылдар бойы зерттеп келе жатқан кәсіби орнитологтар.

Кітап — орнитологтар мен құстар сүйгіштеріне арналған табиғат аясында құстардың түрін анықтауға көмектесетін далалық оқу құралы болып табылады. Құстың әр түрі бірнеше суретпен, таралу картасымен және құсты анықтау белгілерінің жан-жақты сипаттамасымен көрсетілген. АСБК Далалық анықтағышты университеттерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА), мектептерде, кітапханаларда және т.б. жерлерде тегін таратуды жоспарлауда.
 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

Ұқсас жаңалықтар

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...

Jusan Дүкенінде сатып алып, апта сайын iPhone 15 ұ...

Онлайн-шоппингті ұнататындар үшін керемет жаңалық — Jusan Дүкені мен Jusan Bank ...