Әлемде қалыптасып жатқан жағдай Қазақстан кәсіпкерлерінің төлемдері мен ақша аударымдарына қалай әсер етеді.
Құрметті клиенттер!
Біз сіздердің алаңдаушылықтарыңызды түсінеміз және бизнесіңіз бен қаржыңызды әлемде қалыптасып жатқан жағдайдан сақтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз.
Әлемдегі жағдай қазір тұрақсыз — АҚШ, Еуроодақ және басқа елдер Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына қарсы санкциялар енгізіп жатыр. Бұл Қазақстаннан осы елдерге жасалатын төлемдер мен ақша аударымдарын өңдеу процесі мен жылдамдығына әсер етіп жатыр:
- Санкциядардың сақталуын тексеру
Енді корреспондент банктер сіздің ақшаны кімге жіберіп жатқаныңызды немесе кімнен тауар алып жатқаныңызды тексеру үшін қосымша ақпарат сұрата алады. - Төлемдер мен ақша аударымдарының кешігіп жүзеге асырылуы
Енді корреспондент банктер тарапынан қосымша сұраныстарды өңдеу 1 аптадан 3 аптадан кейінгі уақытқа жалғасуы мүмкін.
Біздің мамандар сақтай отырып осындай тұрақсыз уақытта төлемдер мен ақша аударымдарын өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін негізгі ұсыныстар тізімін дайындады. - Төлемдер мен ақша аударымдарын жібергенге дейін жақсылап тексеріп алыңыз
Контрагенттерді, контрагенттердің және олармен байланысты жекелеген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың банктерін АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа одағы және басқа елдер енгізген шектеулер мен санкциялардың бар-жоқтығына тексеріңіз. Бұл деректер ашық қолжетімділікте бар:
Валюталық келісімшарттар бойынша кеңестер:
- Компанияңыздағы халықаралық сакцияларды бақылауға және сақтауға жауапты тұлғаларды тағайындау мүмкіндігін қарастырыңыз.
- Енгізілген және енгізу жоспарланып отырған санкциялық шараларды бақылап отырыңыз және компанияңыздың қызметіне олардың тигізетін әсеріне баға беріп отырыңыз.
- Қандай клиенттермен және іскерлік серіктестермен жұмыс істейтініңізге, кіммен мәмілелер жасап, есеп айырысу жүргізіп жатқаныңызға, кімге тауарлар жеткізетініңізге немесе қызметтер көрсететініңізге, сіздің компанияңызға тауарлар/шикізат/қызметтерді кім жеткізетініне әрдайым баға беріп отырыңыз.
- Сұрақтар туындаған жағдайда – заң консультациясын алу үшін мамандарға жүгініңіз.
Төлемдер мен ақша аударымдары бойынша кеңестер:
- Банк қосымша растаушы құжаттарды, оның ішінде іскерлік серіктестің және/немесе клиенттің бенефициарлары туралы ақпаратты сұрата алатындығына дайын болыңыз.
- Төлемдер жасау кезінде төлемнің тағайындалу мақсаты туралы толық және шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсыныңыз. Мысалы, шотты төлеу кезінде оның нөмірін ғана емес, тауардың түпкілікті алушысын, түрін, юрисдикциясын және басқа өзекті ақпаратты көрсетіңіз.
- Төлемдер мен ақша аударымдарын орындау мерзімдері сұратылып отырған құжаттарды сіздің компанияңыздың ұсыну толықтығына және мерзімдеріне байланысты болады.
Бизнес үшін осындай қиын кезеңдерде біз клиенттерге қолдау көрсетуге ерекше назар аударамыз –егер сізде ақша аударымдары мен төлемдердің кешігуіне қатысты сұрақтар болса, сіз 7711 нөмірі бойынша біздің байланыс орталығымызға хабарласа аласыз. Біз жауап беріп, сіздерге көмектесеміз!
«Jusan Bank» АҚ
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...