Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатысты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтару туралы мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегіні хабарлайды.
Банкті бақылауды Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтару банктің одан әрі дамуына және оның стратегиялық міндеттерін табысты іске асыруға оң әсер етеді. Бүгінгі күні банк банктік қызметтер нарығындағы негізгі орнын сақтап отыр, меншікті капитал мөлшері бойынша ең ірі банктердің үштігіне және банк секторындағы активтер бойынша 6 жетекші банк қатарына кіреді.
Өтімді активтердің үлесі банктің барлық активтерінің (2,6 трлн теңге) 46%-ын немесе 1,2 трлн теңгені құрайды, бұл банкке өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте жеке тұлғалардың салымдарын өтімді активтермен өтеу – 194%.
Бұдан басқа, банк ықтимал кредиттік шығындарды игеру үшін резервтердің жоғары деңгейін қалыптастырды – банктің резервтері
296 млрд теңгені құрайды, NPL қарыздарын өтеу 81%-дан асады.
Банк реттеушінің барлық белгіленген пруденциялық нормативтерін айтарлықтай қормен орындауда.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
09.06.2023
Бизнес интуициямен емес, деректермен жұмыс істейді...
Қазақстанда банктің бизнеске қызмет көрсетуі қаржы қызметтерінің шеңберінен асып...