Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар07.11.2022

«Кел, балалар, оқылық» жобасы: Jusan тараздық жеткіншектерге армандарына жетуге көмектесті

Jusan Bank қолдауымен Таразда өткізілген режиссер Қуаныш Бейсектің "Кел, балалар, оқылық" жобасының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жоба қорытындысы ретінде түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері 4 қарашада Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде өтті. 

"Кел, балалар, оқылық" жобасы аясында режиссер Қуаныш Бейсек бастаған топ Тараз қаласына барып, балаларды режиссер, актер, сценарист және биші мамандықтарының қыр-сырын үйретіп, тәжірибе жүзінде шеберлік сағаттарын өткізді. Шеберлік сағатының қорытындысы ретінде оқушылар қазақ мифологиясы жайлы көлеңкелі театр қойылымын қойып, Zheka лақап атымен танымал блогер Жеңіс Омаровтың "Прощай" әніне бейнебаян түсірді. 

"Басты мақсатымыз балаларға шабыт беріп, олардың армандарының орындалатынына үміт сыйлағымыз келеді. Бұл - балаларға да, ересектерге де шабыт беретін жоба", - дейді жоба тәлімгері, белгілі режиссер Қуаныш Бейсек.

Jusan Bank өкілдерібұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді. 

"Біздің құндылықтарымыз: білім беру, креативті экономиканың дамуы және жас ұрпақтың шабыттандыру. Қуаныштың идеясы осы құндылықтарға сай келді. Жазда жасаған жобамыз халыққа қатты ұнағаны соншалық бізден кейін өз туған ауылдарына барып, игі істер жасайтын адамдар көбейді. Біз балаларды шабыттандырып, оларға жаңа мамандықтар туралы айтып, өмірлеріне кішкене болсын өзгеріс енгізуге тырысамыз. Бұл жобаны тұрақты түрде жылына кем дегенде екі рет еліміздің әр аймағында өткізсек дейміз", - дейді Jusan Bank-тің маркетинг департаментінің жетекшісі Дана Дюсекова.

 

Дереккөз: Stan.kz

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...