Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар16.07.2024

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» деңгейіндегі рейтингісін растады

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі "First Heartland Jusan Bank" АҚ-тың (Jusan Bank) ұлттық және шетел валютасындағы Ba3 деңгейіндегі ұзақмерзімді депозиттік рейтингілерін растады. Рейтингілер бойынша болжам позитивті болып қала береді. 

Сонымен бір мезгілде рейтинг агенттігі кредит қабілеттілігінің базалық және түзетілген бағасын b2-ден b1-ге дейін жоғарылатты.

«Банктің кредиттік қабілеттілігіне берілетін базалық бағаның жоғарылауы активтердің сапасының, төлем қабілеттілігінің және кірістіліктің жақсарғанын көрсетеді, ал өтімділік болса орнықты болып қала береді. Қазақстандағы оңтайлы операциялық орта және банктің едәуір жетілдірілген стратегиясы осы жақсартуларға септігін тигізді, алдағы уақытта да осылай жалғасады деп үміттенеміз», -делінген рейтинг агенттігінің хабарласамында. 

Moody's банктің акционерлік құрылымының 2023 жылдағы өзгеруін де позитивті фактор деп атап өтті. Агенттіктің берген бағасына сәйкес, акционерлердің жаңа, едәуір ашық құрылымы және банк перспективаларының тұрақты стратегиялық пайымы Jusan-ға өз бизнесін дамытуға және депозиттік базаның құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс. 

Агенттіктің аналитиктері өз хабарламасында Jusan Bank кредиттік портфелінің сапасының жақсарғанын, активтердің тиімділігінің және банктің табыстылығының жоғарылағанын атап өтті. 

Рейтинг беру әрекеті сондай-ақ 2023 жылдың соңындағы банктің материалдық активтерінің шамамен 60%-ын құрайтын банктің өтімді активтерінің үлкен қорын ескереді. Агенттік банк өз өтімділігінің үлкен қорын кредиттік портфельді қайта қаржыландыру үшін ішінара пайдаланатын болады, алайда алдағы 12-18 айда ол орнықты болады деп күтеді. 

Moody's банк қызметінің көрсеткіштері бұдан да жоғары сападағы кредиттік портфельді өсіру, сондай-ақ өсіп жатқан кіріс фонында қарыздар бойынша ықтимал шығындарға жұмсалатын резервтердің өтемін жақсарту шамасына қарай жақсарады деп болжайды.

Jusan Bank Баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz
 

Басқа жаңалықтар

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

Ұқсас жаңалықтар

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...

Jusan Дүкенінде сатып алып, апта сайын iPhone 15 ұ...

Онлайн-шоппингті ұнататындар үшін керемет жаңалық — Jusan Дүкені мен Jusan Bank ...