Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар15.03.2022

JUSAN BANK ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2022 жылғы 15 наурызда «First Heartland Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі жаңа Басқарма төрағасы етіп Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлын тағайындады. Ол 2019 жылдан бері Банкті басқарып отырған Қайып Айбек Төребекұлының орнына келді.

 

Жаңа тағайындауға қатысты Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу мынадай пікір білдірді: «Біршама уақыт бұрын Jusan Bank мемлекеттің бір емес, екі проблемалық банк – Цеснабанк және АТФБанкті сауықтыру ұсынысын қабылдаған еді. Біздің команда осы банктерді тығырықты жағдайдан шығару үшін бар күшін салды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі жол бермейтін, мақсатқа бағытталған және орасан-зор жұмыс оң нәтижесін берді.  Jusan Bank  Қайып Айбектің басшылығымен қысқа уақыт аралығында үлкен табыстарға қол жеткізді: жаңа корпоративтік стандарттар қалыптастырылды, проблемалық қаржы мекемелерін табысты түрде сауықтыру және олардың негізінде заманауи, қарқынды түрде өсіп жатқан әмбебап банкті құру бойынша бірегей кейс жүзеге асырылды. Jusan Bank  бүгінгі таңда ең жаңа технологияларды белсенді түрде қолдануда және оларды өз қосымшаларының онлайн-сервистерімен және құрылған цифрлық экожүйесімен интеграциялауда. Осылайша, алдағы уақытта дамуға сенімді іргетастың негізі қаланды.

 

Жақында Қайып Айбек кәсіби дамуын жалғастырғысы келетіндігіне байланысты  Директорлар кеңесіне өзін ағымдағы басқарушылық қызметтен босатуға өтініш жасап, Кеңес оның өтінішін қабыл алды. Біз Қайып Айбекке Jusan тобының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін алғыс айтамыз және оның жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз. Басқарма төрағасы лауазымына Jusan Bank-тің жаңа басшысы болатын Нұрдәулет Айдосов тағайындалып жатыр. Айдос мырза банк стратегияларын жүзеге асыруды табысты түрде жалғастыратынына біз сенімдіміз».

 

Сондай-ақ, Шигео Катсу мырза «Айдосов Нұрдәулеттің халықаралық және отандық қаржы компанияларында басқарушылық қызмет атқарудың үлкен тәжірибесі бар. Ол еңбекқорлық, адалдық және меритократия және ашықтық қағидаттарын ұстанушылық секілді жеке қасиеттерімен бәріне танымал. Бұрын Нұрдәулет Айдосов Jusan Private Banking бағытын және Jusan Invest тобының инвестициялық бөлімшесін басқарып, бірегей қаржылық өнімдер мен онлайн шешімдерді сәтті түрде енгізген және осылайша біздің тобымызды өте қысқа мерзім ішінде инвестициялық қызметтердің нарығындағы көшбасшы позицияларға шығарған болатын» деп атап өтті. 

 

Өз кезегінде жаңа Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов өзіне білдірген сенім үшін Jusan Bank Директорлар кеңесіне ризашылығын білдірді: «Түпкілікті және жалғыз қаржылық бенецифиарлары болып Назарбаев Университеті және НЗМ түріндегі еліміздің ең үздік білім институттары табылатын еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірін басқару үлкен құрмет және жоғары жауапкершілік. Кәсіби командамыздың арқасында біз халықаралық нарықтардағы өсіп жатқан құбылмалылық сын-тегеурінін еңсеріп, біздің ұлғайып келе жатқан клиенттік базамыздың сенімін нығайтамыз және корпоративтік даму қарқынын бұрынғыдан да жылдамдатамыз деп сенемін.

 

Бүгінгі таңда Jusan Bank Қазақстанның қарқынды дамып жатқан ірі банктерінің қатарына кіреді. Банк әмбебап профильді дамытуда және банктік қызметтердің бүкіл спектрін корпоративтік клиенттерге, жеке тұлға клиенттерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне,  Private Banking  клиенттеріне көрсетеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Jusan Bank Қазақстанның банктік секторындағы активтер көлемі бойынша топ-5-ке кірді. АТФБанкпен бірігу нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша банктің активтері 59%-ға өсіп, 2,6 трлн теңге құрады. 2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша несиелік портфель  1,06 трлн теңге құрады (нарықтық үлес +38% жылдық өсім кезінде  5,3% құрайды), ал салымдар портфелі 1,48 трлн теңгеден асты (нарықтық үлес +59,7% жылдық өсім кезінде 5,7%). Жиырмаға жуық ЕБД арасында  Jusan Bank  алтыншы позицияны иеленіп отыр.

 

Жыл басындағы жағдай бойынша Jusan Bank  пруденциалдық нормативтері реттегіш белгілеген минималды талаптардан әлдеқайда артық: Jusan Bank-тегі капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) белгіленген нормативтен шамамен үш есе артық түсіп 28% құрады, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) белгіленген нормативтен 7 еседей артық түсіп  211% құрады. Jusan Bank-тің қаржылық тұрақтылығын Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі растап отыр, бұл агенттік 2021 жылы жазда банкке «тұрақты» болжамымен В1 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақмерзімді рейтинг берді.  

 

Банктің дамуындағы негізгі бағыттар - Jusan Retail (бөлшек сегмент), Jusan Business (ШОБ сегменті) және Jusan Private Banking. Банкте қызмет көрсетілетін белсенді жеке тұлға клиенттердің саны 1 миллионнан асады, ал ШОБ сегментіндегі клиенттер саны 145 мыңға жетті, Private Banking шамамен 6,5 мың клиентке қызмет көрсетеді. Банк қызметінің ауқымы өз құрамында 120-дан астам бөлімшелер және мыннан астам банкоматтарды қамтитын өңірлік желінің арқасында бүкіл Қазақстанды қамтып отыр.

 

1987 ж.т. Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлының қаржы және заң саласында үш жоғары білімі, оның ішінде Warwick Business School (Ұлыбритания) MBA дәрежесі бар. Кәсіби мансабын HSBC Bank Kazakhstan-да бастады, қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарында 14 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.  2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Jusan Invest» АҚ Басқарма төрағасы лауазымын Jusan Bank-тегі Private Banking блогының басқарушы директоры позициясымен қоса атқарып келді.     Оның басшылығымен Jusan тобы жеке тұлға клиенттерге инвестициялық қызметтер ұсынуда Қазақстан көшбасшысы болды. Қаржы секторының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер Қауымдастығының «Еңбек сіңірген Қаржыгер» қоғамдық орденімен марапатталды.  Оның кәсіби біліктілігі банктік, инвестициялық және кастодиандық басқарудың барлық салаларын қамтиды.

 

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

Jusan Bank

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...