Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар31.05.2024

Лилия Рах-қа қатысты жайт бойынша

Рах ханым білдірген наразылықтарға қатысты «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) келесідей ақпаратты хабарлайды:

Jusan Bank тарапынан Рах ханымға және оның компанияларына қатысты барлық кінәрат-талап қою жұмыстары қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүргізіледі және оның 2016 жылдан бастап банктік қарыз шарттары бойынша банк алдындағы міндеттемелерін орындамауының салдары болып табылады, бұл тиісті сот сатыларының шешімдерімен расталады.

Банк 2016 жылы қарыз алушылардың міндеттемелерін қайта құрылымдауға тырысқан еді, алайда, олардың банк шарттарын орындаудан бас тартуына байланысты қайта құрылымдау жүзеге асырылған жоқ.

Борышты соттан тыс өндіру мүмкіндіктерін тауысып, 2017 жылы банк сот органдарына жүгінуге мәжбүр болды. 18.05.2018 ж. Астана қ. Есіл аудандық соты қарыз алушылардан банк пайдасына борышты өндіру және борышкерлердің жылжымайтын мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарды.

Атқарушылық іс жүргізудің аясында 2019 жылы соттық сауда-саттықтардан кепілге салынған бес жылжымайтын мүлік нысаны сатылды, алайда, сату сомасы берешек сомасынан аз болды.

Қарыз алушы банктің және жеке сот орындаушысының (ЖСО) әрекеттеріне талай рет қарсылық білдірген, алайда, бірінші және екінші саты соттарының шешімдері мен ұйғарымдарына сәйкес, қарыз алушылар мен кепіл берушілердің арыздары/шағымдары, апелляциялық және жеке шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Осылайша, сот органдары банк борышты қайтару мақсатында қабылдаған шаралардың заңдылығын растады.

Рах ханымның киім және аяқ-киім түріндегі кепілзатқа қатысты арыздары бойынша бұл кепілдің банк теңгерімінде болып тұрмағанын және ешқашан да болмағанын хабарлаймыз, сондықтан оны борышты өтеу мақсатында есепке қабылдау мүмкін емес.

Борышкерлер бұл тауарларды кейіннен сату мақсатында жеке сот орындаушысына табыстады. Жеке сот орындаушысында мүлікті сақтауға арналған жайдың болмауына орай ол банкке тасымалданды. Тауарларға тәуелсіз баға беру компаниясы тиісті түрде баға берді, бұл ретте, борышкерлер баға беру нәтижелеріне қатысты қарсылық білдірген жоқ.

Борышкерлерге кепілге салынған киімді өз беттерімен сату құқығы берілді, алайда, олар бұл құқықты пайдаланған жоқ. Кейіннен жеке сот орындаушысы бұл мүлікті талай рет бірыңғай электрондық сауда алаңында сауда-саттыққа салған болатын, алайда, өтінімдердің болмауына орай олар орын алған жоқ.

Алматы қ. Медеу аудандық сотының 29.02.2024 жылғы шешіміне сәйкес, талапкерлердің тауардың жеке сот орындаушысына табысталуы табысталған тауар құнының мөлшеріндегі берешектің өтелуіне тең деген арыздары дұрыс емес ретінде танылды. Осыған қоса, жылжымалы мүліктің тауарлық келбетінің жоғалуы тауардың жоғалған құнына пропорционалды мөлшерде берешектің есептен шығарылуының негіздемесі болып табылады деген дәлелі де дұрыс емес ретінде танылды. Бұл ретте, талапкерлер міндеттемелері бойынша берешектің есептен шығарылуын емес, ЖСО әрекеттеріне шағымдануға, мүлікті лайықсыз тәртіпте сақтау салдарынан шегілген залалдардың өтелуін талап етуге құқылы. Алайда, ЖСО әрекеттеріне шағым берілген жоқ.  

Банк қарыз алушының кешіктірілген берешегін өтеу шарттарын конструктивті түрде талқылауға ашық, бұл банк өкілдерінің Рах ханыммен 17.05.24 жылғы кездесуімен расталады.

Банк пен қарыз алушының қарым-қатынастары туралы мәлімет банк құпиясы аясындағы заңнамамен қорғалатын ақпаратқа жатқызылады.

Банк Рах ханымның кешіктірілген берешекті өтеу үшін қолынан келетінінің бәрін істейтініне сенім білдіреді. Бұл ретте, әлеуметтік желілердегі ажиотаждың орын алуының және борышкердің медиалық мәртебесінің борышты кешірудің негіздемесі бола алмайтынын атап өтеміз. 
 

Jusan Bank баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz

Басқа жаңалықтар

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Дүкенінде сатып алып, апта сайын iPhone 15 ұ...

Онлайн-шоппингті ұнататындар үшін керемет жаңалық — Jusan Дүкені мен Jusan Bank ...

Jusan Business компаниясының Ösim журналы 2024 жыл...

Қазақстанда бизнес ашу және оны жүргізу туралы Jusan Business журналы – Ösim – 2...

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...