Eco Fest байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматыда 6 қарашада Eco Fest байқауы финалы өтті. Jusan Bank қолдау көрсеткен шараға Алматы, Астана, Қостанай, Семей және Ақтау секілді Қазақстан қалаларынан оқушылар қатысты. Байқауда түрлі жобалар назарға ұсынылды. Олардың қатарында шағын күн панельдері, қайта өңделген қағаздан жасалған қойын дәптерлер, пластиктен жасалған спорттық киімдер, сутекті отын өндірісі немесе пластикалық бөтелкелерден плиткалар жасау, тіпті биогазды құрылғы секілді жобалар да бар.
Байқау авторы және ұйымдастырушысы, Eco Network негізін қалаушысы Евгений Мухамеджановтың айтуынша, дайындыққа бірнеше апта кеткен. Барлығы 45 өтінім келіп түсіп, олардың ішінде 12 үздік жоба таңдалып алынған.
«Жобаларды технологиялық және маркетингтік деп бөлуге болады. Технологиялық жобаларға – биогазды құрылғылар, күн панельдері арқылы жемістерді кептіру, портативті қуаттау құрылғысы жатса, маркетингтік жобаларға қайталама шикізаттан сөмке тігу, өңделген заттардан мерчтер жасау және т.б. жатады. Біз олардың өнімін бизнеске – 110 компаниядан тұратын біздің клиенттерге ұсыну үшін технологиялық қолдау көрсетуге әзірміз», - деді ол.
Байқауға Jusan Bank үлкен көмек көрсетті.
«Жасыл» жобалар өте құнды, әсіресе балалар арасында, себебі, біз оларға үлкен үміт артып отырмыз. Eco Network-пен бірге өз банкімізде қалдықтарды бөліп жинау жобасын енгіздік және бұл жобаны тұрғын үй кешендері мен Алматыдағы орта мектептерге енгізуде қолдау көрсеттік. Осындай жобалар арқылы біз қоқыс тастайтын орындардағы қоқыс көлемінің артуының алдын ала аламыз. Байқауда ұсынылған идеялар мен бұған дейін іске асырылған бизнес-модельдер ауыл шаруашылығы үшін де, қала өмірі үшін де маңызды әрі қажет», - дейді Jusan Bank PR-директоры Гаухар Керімова.
Байқауда үш команда үздік атанды. Үшінші орынды «Гелиокептіргіш», екінші орынды киім-кешекті қайталама өңдеу жобасымен Reveco, ал бірінші орынды Water from Air жобасымен Тоғжан Ниязбек ұтып алды. Жеңімпаздар сәйкесінше 100 000, 150 000 және 300 000 теңге түріндегі сыйлықтарға ие болды.
Дереккөз: Nur.kz
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...