Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар12.01.2022

Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайыптың клиенттерге жолдауы

Құрметті Клиенттер,

Жыл басы бәрімізге аса ауыр болды. Барлығымыз Қазақстан тарихында жазылып қалар қайғылы оқиғалардың куәгері атандық. Бұл жағдайға бей-жай қараған ешкім жоқ шығар, бұл барлығымызға дерлік өте ауыр тиді. 

Қауіпті оқиғалар мен жаппай тәртіпсіздік белең алуына қарамастан Jusan Bank командасы өздеріңіздің сеніп тапсырған қаражаттарыңызды сақтап қала алды. Қаңтар айының алғашқы күндері сервистер, бөлімшелер мен банкоматтардың жұмысында банкке қатысы жоқ себептермен істен шығулар орын алған болатын, алайда Jusan Bank банк карталары мен шоттарындағы ақша қаражатын пайдалануды қамтамасыз ету үшін мобильді сервистер жұмысын қалпына келтірген. Ағымдағы жағдай мен өткен оқиғалар банктің қаржылық тұрақтылығына, оның сервистері мен стратегиялық даму жоспарларына  нұқсан келтіре алмады. ТЖ кезінде бұрынғысынша қаражатты үйден шықпай, онлайн-сервистер арқылы басқару ұсынылады:

  • Jusan – жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымша және интернет-банкинг, https://www.jusan.kz
  • Jusan Business – бизнес клиентттерге арналған мобильді қосымша және интернет-банкинг, https://ib.jusan.kz/auth/login

Келтірілген қолайсыздықтар үшін банк атынан кешірім сұраймын. Біз үшін ең маңыздысы  клиенттеріміздің қаражатының сақталуы мен бөлімшелерге келген клиенттердің қауіпсіздігі. Кез келген күрделі жағдайда біз үшін ең маңыздысы осылар. 

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша бөлімшелеріміз жұмыстарын біртіндеп қалпына келтіріп жатыр. Олардың жұмыс кестесі мен қолжетімді қызметтер тізімінде әлі де шектеулер бар, олар сыртқы факторлар әсерінен орын алып отыр, уақыт өте келе бәрі қалпына келетін болады. Егер Сіз бөлімшелерге келуді жоспарлап отырсаңыз, бөлімшенің жұмыс істейтіндігін байланыс орталығына 7711 нөміріне қоңырау шалып тексеріп алуды сұраймыз. Біз әрқашан байланыстамыз!

Бірге біз кез келген қиындықты жеңеміз – «#БізБіргеміз» ұранымен бірге короновирус пандемиясы қиын кезеңінен де өттік. Ендігі біздің ұранымыз - «#КүшімізБірлікте». Қандай жағдай болмасын, ең бастысы бірлігіміз сақталып, жарқын болашаққа деген сеніммен алға жылжуымыз қажет. Осыларды ескере отырып, біздің банк ТЖ кезінде кредит төлемдерінің уақытын кешіктірген клиенттермізге өсімпұл мен айыппұл есептемеу туралы шешімге келді. Осы жаппай тәртіпсіздік орын алған күндері үлкен шығынға ұшыраған іскер азаматтарымызға да банк барынша қолдау көрсетеді, кәсіпкер-клиенттерімізбен орын алған жағдайдан шығудың оңтайлы жолдарын бірге қарастыратын боламыз. 

Сөзімді аяқтай келе, сіздердің қолдау көрсетіп, түсіністік танытқандарыңызға алғысымды айтамын және Jusan Bank әрқашан да ең сенімді қаржылай серіктес болып қала береді деп сендіремін. Бізбен бірге болыңыздар! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

 

Құрметпен, Айбек Қайып,

Jusan Bank Басқарма төрағасы

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...