Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар29.06.2022

Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосовтың 2021 жылдың қорытындысы бойынша үндеуі

Құрметті клиенттер, серіктестер және акционерлер!

Сіздерге «Jusan Bank» АҚ-тың 2021 жылға арналған жылдық есебін қуана ұсынамын. Бұл жыл өте күрделі болды: короновирустық инфекция пандемиясының салдары, реформалар, макроэкономикалық жағдай – бұның барлығы Қазақстанның қаржы институттары бетпе-бет келген сын-тегеуріндердің аз бөлігі ғана. Біздің банк те осы қиыншылықтарды басынан өткерді. Қиындықтарға қарамастан, 2021 жыл біз үшін жемісті, нәтижелі, жекелей алғанда банктің және тұтастай алғанда тобымыздың сапалы түрде түрленуіне негіз болған, сандық көрсеткіштер өскен жыл болды.

2021 жылдың ең басты жетістігі – кредиттік портфельді оңалту. Ең алдымен, проблемалық Цеснабанктен бізге басқаруға өткен кредиттер жайлы сөз болып отыр. Оңалтумен қатар, қысқа уақыт аралығында АТФБанкті біріктіріп алу бойынша аса күрделі жұмыс жүргізілді. Jusan осы екі банкті 167 млрд теңгеге қайта қаржыландырды. Осындай ауқымды екі міндетті шешу – еліміздің банктік жүйесінде бұрын-соңды болмаған жағдай. Барлық операциялық және стратегиялық мәселелерді сәтті түрде орындап шыққан командамызды мақтан тұтамын.

Екі ірі қаржы институтының бірігуімен байланысты құрылымдық түрленумен қатар Jusan Bank өз өнімдерін, сервис сапасын және қаржылық экожүйені дамытуды жалғастырды. Осы процестердің нәтижесінде еліміздің ең ірі банктерінің рейтингісінде бірнеше позицияға көтерілдік. Жылды активтердің көлемі бойынша тоғызыншы орыннан бастап, төртінші орынмен аяқтадық. Жылдық динамикада банктің активтері 923,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2,6 трлн. теңгеге жетті, бұл 55%-ға өсу көрсеткішіне сәйкес келеді. Нәтижесінде біздің нарықтық үлесіміз 7%-ға жақындады, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бізге әлеуетті-жүйелік маңызды ЕДБ мәртебесін берді. Бұл еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақты және үздіксіз жұмысын сақтап тұрудағы Jusan Bank-тің рөлін мойындау деген сөз. Банк менеджменті мен командасы бұл іске бар жауапкершілігімен, бар ынтасымен кіріскен еді.

12 айдың қорытындысы бойынша кредиттік портфельдің өсімі 200% немесе ақшалай есеппен 487 млрд тг ұлғайып, 731 млрд тг құрады. Активтердің қарқынды түрде өсуіне қарамастан, біз макроэкономикалық жағдайларды, сондай-ақ салымшыларымыз бен кредиторларымыз үшін сенімділікті сақтау қажеттілігін ескере отырып, кредит беруде консервативті әдіс-тәсілдерді қолдану дәстүрін сақтаудамыз. Тәуекелдер және табыстылық арасындағы теңгерімді сақтау – бірінші кезектегі міндетіміз. Дегенмен де, банктің кредиттер нарығындағы үлесі 5,3%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, NPL 90+ мерзімі кешіктірілген қарыздар көлемі бар-жоғы бір жылдың ішінде кредиттік портфельдің жалпы көлемінен 44,09%-дан 9,47%-ға дейін азайды. 2021 жылы проблемалық портфельдің бірден 70,3%-ға қысқаруы қазақстандық банктердің алғашқы ондығының арасындағы ең үздік көрсеткіш болды, өз кезегінде бұл тек банкке емес, еліміздің банктік секторының оңалуына да өзінің оң әсерін тигізді.

Бұл ретте, 2019 жылдан Цеснабанктен және АТФБанктен ауысқан қарыздарды алып тастап, Jusan Bank командасы 2019 жылдан бері 500 млрд.тг асатын сомаға берген қарыздарды ғана есепке алсақ, NPL 0,79% құрайды. Бұл нарықтағы ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Мерзімі кешіктірілген берешек қалыптастырылған провизиялардың жоғары деңгейімен теңгерімге келтірілетінін атап өткім келеді: 2022 жылдың басында олардың сомасы 239,7 млрд теңгені құрады, бұл 90+ мерзімі кешіктірілген кредиттерді 237,6%-ға өтейді. Осы көрсеткіш банктің қаржылық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жан-жақты ойластырылған тәуекел-менеджмент Jusan Bank-ке реттегіш пруденциалдық нормативтер бойынша белгілейтін ең төмен талаптардан айтарлықтай асып түсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капитал жеткіліктілігі коэффиценті (k1) 28%, ал ағымдағы өтімділік көрсеткіші (k4) 211% құрады. Меншікті капиталының мөлшері және өтімділігі бойынша Jusan Bank қазақстандық банктердің арасында екінші және үшінші орынды иеленуде. Осы көрсеткіштер жиынтығы Moody's Investors Service рейтинг агенттігіне банкке ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша «тұрақты» болжамымен B1 деңгейінде жоғары ұзақмерзімді рейтингтер белгілеуге мүмкіндік берді. Біздің экожүйеміз де өнімдер және сервистер үшін бірқатар халықаралық және жергілікті марапаттарға ие болды.

Әрине, халықаралық агенттіктердің көрсеткіштері мен марапаттары маңызды. Дегенмен де, халықтың және бизнестің бізге артқан сенімі әлдеқайда құндырақ. Өткен жылы біздің банктегі салымдар көлемі 56%-ға өсіп, 1,51 трлн теңге көрсеткіштен асып түсті.

Банктің тартымдылығы негізінен Jusan Retail және Jusan Business жаңа цифрлық өнімдерінің дамуымен қамтамасыз етілген. Біз байқағандай, клиенттік базаның елеулі түрде өсуі жалпы банк өнімдеріне деген жоғары сұраныс есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, АТФ Банкпен жылдам және тиімді түрде бірігу оның клиенттерінің қатарымызда қалуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде бөлшек сегменттегі клиенттік портфель 4 еседей артып, биылғы жылдың басында 2,5 млн. клиенттен асты. Біздің экожүйеміздің цифрлық сервистерін ай сайын белсенді пайдаланушылар саны 1 миллионнан асты.

ШОБ сегментіндегі клиенттер базасы 2021 жылы 145 мың бизнес-субъектілерге дейін екі есе ұлғайды. Банк өнімдеріне микро-, шағын және орта бизнес те қызығушылық танытып отыр: өткен жылы Jusan Business мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 3,7 есе, POS-терминалдар желісі 5 есе ұлғайды. Байланыссыз төлемдер сервисі және корпоративтік карталар да қарқынды түрде дамуда. Біз осы жетістіктермен тоқтап қалмай, инновациялық цифрлық сервистер мен өнімдерді жақсартуды жалғастырудамыз. Серіктестіктің жаңа нысандарына, мәселен, Jusan Дүкен маркетплейсі базасында онлайн-бизнесті дамыту мүмкіндігіне үміт артамыз.

Jusan Bank бар-жоғы үш жылдың ішінде қаржылық жағдайы тұрақты және белсенді клиенттік базасы бар, еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірі ретінде қалыптасу сатысын аяқтады деп толық сеніммен айта аламыз.

2021 жылғы тәжірибе мен жетістіктеріміз осы жылы қол жеткізуге ниеттеніп отырған табыстың берік іргетасы болатынына сенімдімін. Банк ұжымының үйлесімді, нәтижелі жұмысын ерекше атап өткім келеді. 2021 жыл күрделі болғанымен жемісті әрі нәтижелі кезең ретінде есте сақтайтын боламыз. Бұл кезеңнің нәтижелері осы жылдың жаңа жетістіктерінің негізі болады деп білеміз. 2022 жылдың I тоқсанның нәтижесі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетуде. Басты міндет – клиенттермен диалогты әрі қарай арттыру, корпоративтік сектордағы да, бөлшек сектордағы да серіктестерімізге алуан түрлі қызықты ұсыныстар дайындау. Біздің стратегиямыздың негізгі қағидасы – «Әрқайсыңызға сенеміз, саған сенеміз». Біз әрбір қазақстандықтың, біздің клиенттеріміздің мүмкіндіктеріне деген мол сенімімізбен бөлісеміз және де ауқымды да шағын жеңістерге қол жеткізуге көмектесуге дайынбыз.

Үш бизнес-платформа 2022 жылғы стратегиялық және негізгі бағытымыз болып қала бермек: Jusan Retail, Jusan Business және Jusan Private Banking. Бұл бағыттар нарықтың оларға деген сұранысын дәлелдей білді. Оларды біріктіретін экожүйе қазақстандықтардың күнделікті өміріне, бизнесті жүргізуіне және жеке қаржыны тиімді басқаруға арналған ыңғайлы технологиялық шешімдер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біз ішкі процестер трансформациясын жалғастырудамыз. Оның мақсаты – банктің тиімділігін арттыру, өнімдер сапасын жақсарту, Jusan экожүйесін пайдалы цифрлық сервистермен толықтыру және клиенттермен қарым-қатынастың омниканалды әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – банкте оңтайлы ішкі климат қалыптастыру және корпоративтік басқарудың ESG стандарттарын нығайту. Қызметкерлердің күнделікті көңіл-күйінен біз болашақтағы табыстылығымыздың негізін көреміз: шын мәнінде жанарынан бақыт шуағын төгілген әрі ынта-жігері мол персонал қызмет көрсеткенде ғана клиенттер мен серіктестер риза болады.

Біз әрдайым жауапкершілік қағидатын қолдаймыз. Тарих пен сандардан көруге болатындай, біз қаншама қолдау шаралары көрсетілсе де, еш нәтиже шықпаған екі ірі қаржы институттының банкрот болуынан сақтап қана қалмай, салымшылардың қаражатын жоғалтуға жол бермедік, олардың жинақтарының сенімділігін қамтамасыз еттік. Осылайша, біз заманауи цифрлық қаржылық экожүйе қалыптастырып, оның қызмет ету тұрақтылығын арттырдық. Әлеуметтік кәсіпорын - social enterprise бола отырып, біз топтың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, сәтті қаржылық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бұл экожүйемізді дамытудан бөлек НЗМ жүйесінің мектептерін және Nazarbayev University-ді қолдауға, сондай-ақ жалпы Қазақстандағы білім және ғылымды дамытуға қомақты қаражат бөлуге мүмкіндік берді.

Қазіргі бизнес моделіміз білім беру саласын қаржыландыруды жалғастыруға, Jana Qazaqstan мемлекеттік стратегиясын қолдауға да жеткілікті таза кірістің жоғары серпінін сақтауға көмектеседі. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қазіргі уақытта банк мемлекетке көмек көрсетудің ықтимал шараларын, сонымен қатар Цеснабанк пен АТФБанкке бұрын көрсетілген мемлекеттік қолдаудың бөлігін мерзімінен бұрын кезең кезеңмен қайтаруды қарастыруда, бұл еліміздегі теңдессіз бірінші мысал. Түптеп келгенде, бұл мемлекетке біздің отандастарымыз бен клиенттеріміздің өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік, гуманитарлық және басқа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылды қорытындылай келе, банк ұжымына нәтижелі еңбегі үшін, акционерлерге жобалар мен бастамаларға көрсеткен қолдауы үшін, клиенттер мен серіктестерге бізге деген сенімі үшін және Jusan Bank-ті таңдағаны үшін ризашылығымызды білдіргім келеді. Сіздер бізге бұрынғыдан да жақсы болуға көмектесесіздер. Біз сіздердің әрқайсыңызға сенеміз, біз Қазақстанның болашағына сенеміз.

Құрметпен,
Нұрдәулет Айдосов,
Jusan Bank Басқарма төрағасы

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...