Астанада отырып ойнайтын параволейбол чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Елордада отырып ойнайтын волейболдан республикалық чемпионат аяқталды. Бұл паралимпиадалық ойыннан әлем бойынша Қазақстан құрамасы 7 орында. Ал биыл Jusan Bank қолдауымен чемпионат жаңа деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жолы алғашқы үш орын ақшалай жүлдемен қамтамасыз етіліп, қазақстандық параволейбол тарихында тұңғыш рет еліміздің әр өңірінде жанкүйерлер ойынды спорттық телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфир арқылы тамашалады.
«Волейболды отырып ойнау спорт түрі ретінде 30 жыл бұрын пайда болды. Әсіресе соңғы 10 жылда айрықша дамып, әлемдік аренаға шықты. Әлемде волейболды отырып ойнаудан 78 команда бар. Олардың ішінде Иранның командасы мықты. Отырып ойнайтын волейболдың кәдімгі волейболдан айырмашылығы жоқ. Ережелері бірдей деуге болады. Тек бұл жерде мүгедектігі бар жандар үшін ыңғайланған. Нақты айтқанда, аяғы жоқ адамдар ойнайды. Команда құрамында 6 адам болады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», - дейді отырып ойнайтын волейбол ұлттық құрамасының бас бапкері Бауыржан Тақауов.
«Біз параволейболдан Қазақстан чемпионатын қолдау қажет деп ұйғардық. Өйткені бұл спорттың кәдімгі волейбол сияқты танымал болмауы – әділетсіздік. Параспортшылар өз мүмкіндіктерінен асыра еңбектенеді. Сондықтан олардың өмірі бізді шабыттандырды. Ал банктің ұраны – «Саған сенеміз» – міне, біз осы жігіттерге сенеміз, олар әлемдік паралимпиада алаңында Қазақстанның намысын қорғайды. Расында да, бұл үлкен шабыт беретін оқиға, біз кейде өз күшімізге сенбейміз, бір істі жасамау үшін мыңдаған сылтау табамыз, дәл осы жігіттер еш шектеуге қарамастан алға ұмтылу керегін көрсетеді», - деді Jusan Bank PR директоры Гаухар Керімова.
Жарыс нәтижесінде Атырау – бірінші, Қызылорда – екінші, Маңғыстау командасы – үшінші орынға табан тіреді. Сайыста көзге түскен үздік ойыншылар келесі номинацияларын жеңіп алды:
- «Үздік тосқауылшы» – маңғыстаулық Ерболат Алтаев;
- «Үздік байланыстырушы» – атыраулық Бауыржан Сартаев;
- «Үздік либеро» – атыраулық Қуаныш Тәжіков,
- «Үздік шабуылшы» – атыраулық Пердебай Намұратов
- «Үздік қабылдаушы» – қызылордалық Ерік Қасқабаев
Дереккөз: ҚазАқпарат
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...