Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 27 мамыр
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Jusan-ның бағдарламалаушылары ауыл балаларына IT негіздерін тегін үйретуде


Jusan Bank-тің цифрлық блок мамандары ауыл балаларына арнап IT негіздері бойынша тегін шеберлік сағаттарын өткізіп, оларға бағдарламалау мен веб-дизайнды үйретуде. Бұл бастама «Auyl.Go» жобасының аясында мүмкін болып отыр. 

Қазірдің өзінде ұйымдастырушылар екі бірдей ауылда тренинг өткізіп үлгерген. Алғашында олар Алматы облысындағы Қарасаз ауылында 17 оқушыны оқытса, кейіннен Жамбыл облысына қарасты Талапты ауылындағы 11 балаға дәріс беріп қайтқан. 

Жобаның негізгі мақсаты – шалғай ауылдардағы балаларды IT негіздеріне баулып, оларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. 

Ұйымдастырушыларың бірі Абзал Қожахмет жобаны жүзеге асыруға 15 атсалысатынын сөз етті. Айтуынша, «Auyl.Go» жобасын бастауға Jusan-ның тағы бір бастамасы шабыт сыйлаған. 

«Бір күні Jusan қолдау білдірген «Кел, балалар, оқылық» жобасы жайлы естідім. Маған аталмыш жобаның мәні ұнады. Бұл жоба бойынша ауыл балалары тегін түрде операторлық, актерлік және режиссерлік өнерді меңгеріп, соның нәтижесінде бейнебаян түсірген болатын. Риясыз көңілмен өткізілген осы бір жоба маған шабыт сыйлады. Әріптесім Қайрат Садықовқа балаларды тегін түрде бағдарламалауға үйрету жайлы ұсыныс білдірдім. Жобаны Auyl.go деп атап, іске кірісіп кеттік», - дейді ол. 

Сөзінше, тек теориядан ғана бөлек, екі күнге созылатын интенсив соңында балалар тәжірибе жүзінде не үйренгенін көрсетуі қажет. Мәселен, дәрісті аяқтаған соң олар ауылдың немесе өздері оқитын мектептің сайтын жасайды екен. 

Ал тренинг соңында қатысушылардың барлығы сертификат иеленген. Мұнымен қоса тәлімгерлер оларға осы салада қажетті кеңестерін айтып, әрі қарай білімдерін кеңейтуге арналған әдістемелер мен кітаптар сыйға тартты. Алдағы уақытта оқушылар өздері жасаған сайттарды дамыту бойынша тәлімгерлерімен байланыста болады.