ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!
- ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу: https://referendum2022.gov.kz/
- Референдум туралы толық ақпарат Telegram-арнасында: https://t.me/referendum2022_kz/
Жиі қойылатын сұрақтар
Референдум туралы ақпарат
- Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөніндегі республикалық рефендумда сағат 7:00 – 20:00 дауыс бере аласыз.
- Өзіңізбен жеке күәлігіңіз болсын.
- Конституцияға енгізілетін өзгертулер жөнінде election.gov.kz сайтынан толық біле аласыз.
Республикалық референдумда кім дауыс бере алады
- Республикалық референдумда он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.
- Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар дауыс бере алмайды.
Шетелде жүрмін. Республикалық референдумда дауыс бере аламын ба?
- Сіз өзіңіз жүрген шет мемлекеттегі учаскелік сайлау коммисиясына баруыңыз керек - сізді сайлаушылар тізіміне енгізген соң дауыс бере аласыз.
- Мекенжайларды ҚР СІМ сайтынан таба аласыз. Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы керек.
Мен басқа учаскеде дауыс бере аламын ба? Басқа аймақта ше?
- Иә. Сізге күні бұрын 2022 жылғы 20 мамыр - 4 маусым аралығында өзіңіздің сайлау учаскеңізге барып, дауыс беру қүқығын беретін есептен шығару куәлігін алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекендегі кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз.
- Сайлау учаскесін бір елді мекеннің шегінде өзгертуге болмайды.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...