Jusan Bank қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында 100-ден аса баланың тілегін орындады
Jusan Bank кеңсесі мереке қарсаңында сыйлықтар фабрикаға айналғандай. Себебі Банк қызметкерлері Қазақстанның барлық өңірлеріндегі аз қамтылған және толық емес отбасы балаларының, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының емделушілерінің, «Досбол» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы бүлдіршіндердің тілектерін орындау үшін «Жаңа жылдық ғажайып» сиқырлы акциясына жұмылды.
Қайырымдылық шарасы банкте қысқы дәстүр іспетті: қызметкерлер балалардың Аяз атаға жолдаған ізгі тілектері жазылған хаттарды сұрыптап, мерекелік «сиқыршыға» айналады.
«Күрделі диагноз қойылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар әдетте қаржылық қиындықтарды бастан кешіреді. Сондықтан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау түріндегі мұндай қолдау олар үшін өте маңызды. Бұл науқан тек балаларға ғана емес, өзімізге пайдалы десек те қателеспейміз. Себебі олар қуанса, біз де қуанып қаламыз», - деді банктің баспасөз қызметі.
2022 жылы Jusan Bank-ке балалық армандары мен оларға аса қажет нәрселер туралы 100-ден астам хат келді. Кейбір балалар денсаулығын қалыпқа келтіру үшін қажет құрал-жабдықтар, кейбірі гаджеттер мен ойыншықтар сұраған. Ал балалардың хаттарынан кейін банкке ата-аналардан алғыс хаттар да ағылыпты.
"Балалар Алматыдан сәлемдеме алды! Сіздерге алғысымыз шексіз! Маша мен Женя сондай бақытты! Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл біз үшін расымен баға жетпес сыйлықтар. Мұндай сыйлықтарға ие боламыз деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмепті. Сіздердің мейірімділіктеріңізге шын жүректен рахмет!», - деп жазады Солтүстік Қазақстаннан Решетниковтар отбасы.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...