Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар15.05.2023

Қаржы секторы бойынша халыққа сапалы ақпарат ұсыну: Jusan қаржы сауаттылығы бойынша журналистерге арнап тренинг өткізді

Астанада «Банк және инвестиция» тақырыбында қаржы сауаттылығы бойынша қазақ тілінде жазатын журналистер үшін тренинг өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шарада ҚР Ұлттық Банк, Jusan Invest және Jusan Analytics спикерлері қаржы есебі және статистикамен қалай жұмыс істеу керегін айтып берді. Бұған қоса тренингте инвестиция дегеніміз не және халық арасында инвестиция жасау мәдениетін дамыту неліктен маңызды екені сөз етілді.

Тренинг журналистердің қаржы және банк ісі саласындағы білім деңгейін көтеріп, соның арқасында қоғамға таралатын ақпарат сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар қаржы өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ банк секторының ережелері мен принциптері жайлы ой-түсініктерін кеңейтті. Мұнымен қоса саланың беделді сарапшылары соңғы аналитикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Журналистер ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында деректер мен статистиканы пайдалану, қор нарығы мен KASE қызметін, трендтерін түсіну, екінші деңгейлі банктердің қаржы есептерін дұрыс оқи білуді үйренді.

«Қаржылық тұрғыдан сауатты болу тек негізгі қаржы үдерістерін түсіну ғана емес, одан бөлек жеке қаражатыңды тиімді басқарып, оған жауапкершілікпен қарау, бюджетіңді жоспарлап және әртүрлі қаржы құралдарына, соның ішінде бағалы қағаздарға дұрыс инвестиция жасай білу деген сөз. Ал қаржы саласы туралы жазатын журналистер үшін қаржы есептері жайлы ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізіп, сондай-ақ күрделі деректерді түсінікті етіп жаза білу де аса маңызды. Дәл осындай тренингтер журналистердің саладағы біліктілігін жетілдіріп, БАҚ арқылы Қазақстан халқының қаржы сауаттылығын арттыруға сеп болады», - дейді Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керімова.

Анықтама: Jusan Bank – реттеушінің барлық талаптарын пруденциалдық нормативтер деңгейінен асырып орындайтын Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша банктің меншікті капиталы 751,5 млрд теңгеге жетті. Капитал жеткіліктігі k1 29,9%-ға, k2 – 47,4%-ға тең (нормативтер сәйкесінше 8,5% және 10%). Банк өз қызметінде ашық әрі әлеуметтік жауапты бизнесті жүргізуге басымдық береді. Биыл банк жаңа үш жылдық даму стратегиясы шарттарындағы жұмысын бастады, ол клиентке бағдарланған заманауи принциптер негізіндегі бизнес-модельге сүйенеді. Даму стратегиясы бойынша Jusan клиенттердің жоғары сұранысын өтейтін, үздік дәрежелі, инновациялық, жоғары технологиялық қызмет көрсететін әрі ауқымды банк атануды жолға қойған.

Jusan Bank клиенттерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы олардың өмір сапасын жақсартып, маңызды жобаларды қолдауды жалғастырмақ. 

Басқа жаңалықтар

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...

Jusan Дүкенінде сатып алып, апта сайын iPhone 15 ұ...

Онлайн-шоппингті ұнататындар үшін керемет жаңалық — Jusan Дүкені мен Jusan Bank ...

Ұқсас жаңалықтар

Лилия Рах-қа қатысты жайт бойынша

Рах ханым білдірген наразылықтарға қатысты «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusa...

Jusan Business компаниясының Ösim журналы 2024 жыл...

Қазақстанда бизнес ашу және оны жүргізу туралы Jusan Business журналы – Ösim – 2...

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...