Бизнес-клиенттерге банктік қызмет көрсету шартын және Келісімді бекіту туралы
Құрметті клиенттер,
Jusan Bank (бұдан әрі – Банк) мына құжаттардың бекітілгенін хабарлайды:
1) Заңды тұлға (оның филиалы және өкілдігі), шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдікке, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа және кәсіби медиаторға банктік қызмет көрсету шартының (бұдан әрі –Кешенді шарт) жаңа редакциясы. Кешенді шарттан «Жылдам түсім» жүйесі бойынша төлемдерді қабылдау және аудару бойынша қызмет алынып тасталды. Төлемдер қабылдау және аудару бойынша қызметтер көрсету жеке тұлғадан заңды тұлға (оның филиалы және өкілдігі), шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдік, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор пайдасына төлемдер қабылдау және аудару бойынша қызметтер көрсету шартының (бұдан әрі –Төлемдер қабылдау жөніндегі шарт) жеке үлгілік формасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады;
2) деректер жинақтау және өңдеуге келісімнің үлгілік формасының жаңа редакциясы
3) жеке кәсіпкер болып табылатын немесе қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы жеке практикамен айналысатын жеке тұлға клиент ұсынатын деректерді жинақтау және өңдеуге келісімнің үлгілік формасы;
4) заңды тұлға (оның филиалы және өкілдігі), шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдік болып табылатын клиент, сондай-ақ оның жеке тұлға болып табылатын өкілі қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы ұсынатын деректерді жинақтау және өңдеуге келісімнің үлгілік формасы
Көрсетілген құжаттар 02.07.2022ж. бастап күшіне енеді.
Кешенді шартпен, Келісімдермен және Төлемдер қабылдау жөніндегі шартпен Банктің сайтындағы БИЗНЕСКЕ деген бөлімінде танысуға болады.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
03.10.2023
"Jusan Bank" АҚ-тың жеке тұлғаларға арналған дебет...
Құрметті клиенттер!2023 жылғы 05 қазаннан бастап "Jusan Bank" АҚ-тың жеке тұлғал...
01.10.2023
Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде жеке тұлғ...
Құрметті жеке тұлға клиенттер!«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамас...
01.10.2023
Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын ж...
Құрметті жеке тұлға клиенттер!«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамас...