Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар04.06.2024

Бизнес-клиенттерге банктік қызмет көрсету шартын орындаудан біржақты тәртіпте бас тарту және клиенттің жұмыс істемейтін шоттарын жабу туралы хабарлама

Құрметті клиенттер!


«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы) клиенттің банк шотында бір жылдан астам уақыт ішінде ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ, клиенттің банк шотында бір жылдан астам уақыт ішінде ақша қозғалысы болмаған жағдайда, Банктің банк шоты шартын (бизнес-клиенттерге банктік қызмет көрсету шартын) орындаудан бас тартуға құқылы екендігін хабарлайды.


Жоғарыда баяндалған ақпаратты ескере отырып, бір жылдан астам уақыт ішінде ақшасы және ақша қозғалысы болмаған, «Jusan Bank» АҚ-да ашылған ағымдағы шоттардың (солардың ішінде төлем картасын пайдаланумен ағымдағы шоттардың) жабылуы туралы, сондай-ақ, Бизнес-клиенттерге банктік қызмет көрсету шартының (ағымдағы банк шотын ашу, жүргізу және жабу шарттарының тұрғысынан) біржақты тәртіпте бұзылатыны туралы хабарлаймыз. Ағымдағы шот осы Хабарламаны жолдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткеннен кейін жабылатын болады.
 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар