Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар01.06.2024

Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Құрметті жеке тұлға клиенттер!

«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына («Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағы) сәйкес, Банк клиенттің банктік шотында бір жылдам астам ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысы болмаған жағдайда (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді қоспағанда) банктік шот шартын орындаудан бас тартуға құқылы екенін назарларыңызға салады.


Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Сіздерге 01.06.2024ж. бастап (2024ж. маусым айының ішінде) Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын («Jusan Bank» АҚ-та 2019 жылғы 29 сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде), Жеке тұлғамен жасалған банктік шот шартын және Жеке тұлғамен жасалатын ағымдағы шотты ашу және төлем карточкасын шығару туралы шартты («АТФБанк» АҚ-та 2014 жылғы сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде) ағымдағы шотқа (оның ішінде төлем карточкасын пайдаланатын ағымдағы шоттарға) қызмет көрсету бөлігінде біржақты тәртіпте бұзу туралы, сондай-ақ бір жылдам астам уақыт бойы қаражат болмаған және шот бойынша қозғалыс болмаған ағымдағы шоттарды (оның ішінде төлем карточкасын пайдаланатын ағымдағы шоттарды) жабу туралы хабарлайды.

Басқа жаңалықтар

Jusan Business компаниясының Ösim журналы 2024 жыл...

Қазақстанда бизнес ашу және оны жүргізу туралы Jusan Business журналы – Ösim – 2...

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Ұқсас жаңалықтар