Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Хабарламалар27.05.2022

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ) Басқармасы «Jusan Bank» АҚ акционерлеріне 2022 жылдың «27» маусымында Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-де «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:

  1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. «Jusan Bank» АҚ-тың 2021 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  3. «Jusan Bank» АҚ-тың өткен 2021 жыл үшін таза табысын бөлу туралы, «Jusan Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер бөлу туралы шешім қабылдау туралы, «Jusan Bank» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі бір жылдағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  4. Акционерлердің «Jusan Bank» АҚ-тың және оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштері және оларды қарастыру қорытындысы туралы ақпаратты қарастыру жайлы.
  5. «Jusan Bank» АҚ директорлар кеңесінің және атқарушылық органының мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты қарастыру.

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-кабинет, С. Ганиевадан (e-mail: s.ganieva@jusan.kz).

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау – 2022 жылғы «17» маусым (00 сағат 00 минут).

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын  тіркеу жиналыс басталуға 30 (отыз) минут қалғанда жүргізіледі.

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама Жылдық жалпы жиналысы 2022 жылдың «28» маусымында Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: https://jusan.kz/ 

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт болуы, ал сенім білдірілген тұлғаларда дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Жеке тұлғаларға арналған бонустық бағдарлама

Құрметті клиенттер!Осы арқылы Jusan Bank 2023 жылғы 09 қазаннан бастап күшіне ен...

Санкциялық банктер тізіміне енгізу туралы

Құрметті клиенттер, Осы арқылы көрсетілген банктерге қатысты санкциялық шектеуле...

2023 жылғы 05 қазаннан бастап Jusan Bank-тің жеке ...

Құрметті клиенттер!Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 05 қазаннан ба...