Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар30.03.2022

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша орналасқан «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ) Басқармасы «Jusan Bank» АҚ акционерлеріне 2022 жылдың «29» сәуірінде Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-де «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:

«1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2. «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі құрамын өзгерту туралы.»

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-кабинет, С. Ганиевадан (e-mail: s.ganieva@jusan.kz).

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлердің тізімін жасау – 2022 жылғы «19» сәуір (00 сағат 00 минут).

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын  тіркеу жиналыс басталуға 30 (отыз) минут қалғанда жүргізіледі.

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2022 жылдың «30» сәуірінде Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, A26F8T9, Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Жиналысқа қатысушы акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: https://jusanbank.kz/.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт болуы, ал сенім білдірілген тұлғаларда дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар