Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар03.11.2022

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Атқарушы органның толық атауы және орналасқан жері«First Heartland Jusan Bank» Акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ), A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

 

«Jusan Bank» АҚ «Jusan Bank» АҚ акционеріне 2022 жылғы «05» желтоқсан, Алматы қаласының уақыты бойынша 12 сағат 00 минутта «Jusan Bank» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жоғарыда көрсетілген жиналыс «Jusan Bank» АҚ-тың ірі акционері – «First Heartland Securities» АҚ-тың талабы бойынша шақыртылып жатыр және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:

«1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2. «Jusan Bank» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «Jusan Bank» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.».

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-каб., С.Г. Ганиевадан (e-mail: s.ganieva@jusan.kz). 

«Jusan Bank» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімін құрастыру күні 2022 жылғы «25» қараша (00 сағат 00 минут).

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 30 минут.

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда, «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2022 жылғы «06» желтоқсан, Алматы қаласының уақытымен 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өткізіледі: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.

Осы жиналысқа қатысушы акционерлер – заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылғанhttps://jusan.kz/.

Сенім білдірілген тұлғалардың қолында жеке куәлігі/паспорты және Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысуға берілген сенімхат болуы тиіс.

 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар