Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар25.01.2024

Вниманию клиентов и партнеров!

Құрметті Jusan Bank клиенттері мен серіктестері!

Jusan Bank атауы мен логотипін, сондай-ақ біздің банк қызметкерлеріміздің аты-жөндерін заңсыз әрекеттерінде теріс пайдаланып жүрген белгісіз тұлғалардың алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын ескертеміз.

Атап айтқанда, өздерін банктің Сатып алу департаментінің қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтар, компаниялармен хабарласып (көбінесе WhatsApp және Instagram арқылы) банкке тауарларды, мысалы, кеңсе жиһаздарын сатып алу үшін коммерциялық ұсыныстар сұрайды.

Алаяқтар кәсіпкерлерден құжаттар жиынтығын, оның ішінде жалған «шаруашылық субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін растайтын анықтаманы» ұсынуды талап етеді. Кәсіпкерлерде бұл сертификат жоқ екенін ескере отырып, алаяқтар оны ақшалай сыйақы үшін алуға көмектесетіндігін хабарлайды.

Құрметті клиенттер мен серіктестер, Jusan Bank серіктестерден мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін құжаттарды талап етпейтінін және банк қызметкерлері құжат дайындау бойынша ақылы қызмет көрсетпейтінін хабарлайды.

Сізден қаржылық мәселелерде сақ болуыңызды, сондай-ақ кез келген күдікті әрекет байқасаңыз банктің қауіпсіздік қызметіне мына телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 778 097 16 19

Құрметпен,
Jusan Bank 

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар