Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Orangelife23.09.2022

«Алматы марафон – 2022» қатысушыларымен бизнес-таңғы ас

Кеше Басқарма төрағасы Айдосов Нұрдәулетпен дәстүрлі бизнес-таңғы ас өтті. Бұл айда кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – осы жексенбі, 25 қыркүйекте басталатын «Алматы марафон – 2022» болды.

Алматыдағы жусандықтар арасында осы жылы марафонға шамамен 200 адамдай қатысады. Түрлі қашықтықтарға болса да, бір бағытта жүгіреміз. Айдосов Нұрдәулет атап өткендей, нағыз жусандықтың образы – тек жақсы маман ғана емес, жан-жақты дамыған адам. Ал спорт –теңдестірілген дамудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.

Жан-жақты даму туралы сөз қозғай отырып, Н.Айдосов Jusan-ның басты бәсекеге қабілетті артықшылығы ауқымды экожүйе екендігін атап өтті. Біз жай ғана банк емес, «банк лицензиясы бар қаржылық-техникалық компания» болу керекпіз. Мәселен, банк бола отырып, 2011 жылы электронды төлемдер сегментіндегі үлесі 50%-дан асқан ең ірі төлем жүйелерінің бірі Alipay-дің тәжірибесі өте қызықты. Басқарма төрағасы әрдайым атап өтетіндей, әлемдік тәжірибе жаңа, стандартты емес шешімдерді іздеуде біз үшін үлгі және шабыт болуы тиіс: «Jusan –бұл электрлік домбыра , өзімізді әзілдеп осылай сипаттап жатамыз. Яғни біз – стандартты емес шешімдерді басшылыққа алатын қазақстандық банкпіз».

Дәл осы стандартты шеңберден асу қасиетіміз барлық жерден байқалады. Мысалы, жақында барлық сервистеріміз бен жарнамамызда қолданылатын біздің бірегей логосаундымыздың релизі болады. Жарнама туралы айта отырып, Jusan  өзінің өнімдерін алға жылжыту кезінде нейромаркетинг, эмоционалдық маркетинг құралдарын пайдаланатынын атап өткіміз келеді. Біз, өз кезегімізде, клиенттерімізге позитивті көңіл-күй және эмоциялар сыйлаймыз.

Дәл осындай стандартты емес шешімдеріміздің арқасында Jusan-ға сенім артатын адамдар саны күн сайын артып келеді. «Ай сайын бөлшек қызметтер секторында шамамен 1 млн белсенді бірегей пайдаланушыларға қызмет көрсетіледі. MAU өсіп жатыр. Осы көрсеткіш бойынша біз 3-орында тұрмыз», – дейді Нұрдәулет Айдосов.

Әрине, басқа факторлар үлкен рөл атқарады. Бұл біздің Банктің шын мәнінде тұрақты және сенімді екендігінің дәлелі:
· өтімділік коэффиценті;
· меншікті капиталдың жеткіліктілігі;
· бизнес-модель.

Осы көрсеткіштердің барлығы бойынша біз үздік қазақстандық банктердің қатарындамыз. Осындай нәтижелер – жеткен жетістіктерді қанағат тұтып тоқтап қалмайтын және әрдайым алға ұмтылатын біздің командамыздың еңбегі. «Бұл жерде, марафондағы секілді, әрі қарай қозғалатын күш жоқ сияқты көрінсе де, қозғалысты тоқтатпай, жүгіруді жалғастыру керек», – деп «Алматы марафон – 2022» қатысушысы Дорошенко Алексей ойын дәл жеткізді.  

Бізге клиенттер ғана емес, қызметкерлер де сенеді. Бүгінгі таңда Jusan-да үлкен және жан-жақты команда қалыптасты, сол себепті бірыңғай корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға назар аудару өте маңызды. Қызметкерлер бір-біріне көмектесуге және қолдау көрсетуге дайын болатын, таңертең жұмысқа асығып, қуанып баратын мәдениетті қалыптастыру қажет.

Біз «Алматы марафон – 2022» қатысушыларының қатарына қосылуға ниет білдірген әріптестерімізге қуана қолдау көрсетеміз! «Марафонның барлық қатысушыларына сәттілік, ал сіздерге жеңіс тілеймін!» – деді Нұрдәулет Айдосов бизнес-таңғы ас қатысушыларына.

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...