Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Orangelife10.10.2022

Jusan жаңа көрнекті орындар жасайды

Jusan алматылық стрит-арт тарихын еліміздің басқа аймақтарында да жалғастыруда. Қарағандыдағы К.Станиславский атындағы театр ғимаратында жаңа мурал пайда болды. Бір кездері қаңырап бос қалған бұл жер қазір қала тұрғындары демалуға, суретке түсуге келетін жастардың өнер нысанына айналды. Жобада тек суретшілер ғана емес, театр аумағын жабдықтаған коммуналдық қызметтер де жұмыс істеді.

Жоба қоғам қайраткері Ирина Харитонова және қала әкімшілігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Муралды жасау процесіне Қарағандының дарынды суретшілері, сонымен қатар Repas стрит-арт және граффити командасы қатысты.

Jusan-ның осындай түрлі-түсті нысандары Қазақстанның басқа қалаларында да пайда болады. Jusan еліміздің дарынды жастарын қолдайды және мұндай жобалар креативті экономиканы дамытудың бір жолы болып табылады. Театр және граффити өнерінің синергиясы ескі ғимараттан жаңа көрнекті орын жасап қана қоймай, К.Станиславский атындағы театрдың қабырғаларын түрлі ұрпақ мәдениетінің айнасына айналдырды.

Басқа жаңалықтар

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңг...

Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...