Jusan – облыстық қазақ драма театрының бас демеушісі
Оралда тұңғыш рет республикалық моноспектакльдер фестивалі өтті. Фестиваль облыстық қазақ драма театрының 30-шы маусымының ашылуына және Хадиша Бөкееваның 105 жылдығына орайластырылған.
"Бүгінде Jusan көптеген жобалардың демеушісі болып табылады. Бұл жолы біз осындай ауқымды конкурс өткізуге қолдау көрсетуді жөн көрдік. Өйткені бұл - еліміздегі, соның ішінде Батыс өңірдегі театр өнерін дамыту үшін өте маңызды шара. Көрерменнің сүйіктісіне айналған Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының көркемдік ұжымы кез-келген қолдауға лайық. Сондықтан Jusan үшін 30 жыл бойы өз көрермендеріне әдемі де әсерлі спектакльдер ұсынып келе жатқан театрдың бас серіктесі болу – үлкен құрмет", – дейді Jusan банкінің бөлім бастығы Алтын Муфтахиева.
Облыстық театр өз шымылдығын 1993 жылы 16 желтоқсанда М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясымен ашты. Облыс көлеміндегі бір ғана театрда тек республикалық қана емес, сондай-ақ халықаралық театр фестивальдерінің лауреаттары мен жеңімпаздары еңбек етеді.
Фестивальге еліміздің әр түкпірінен 10 театр ұжымы қатысты. Үш күн бойы театр әуесқойлары өнер мерекесінің әдемі атмосферасын тамашалай алды.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
ORANGELIFE
09.11.2022
Әріптестер, Жетісу жаңа филиалының ашылғаны туралы...
Orangelife
ORANGELIFE
01.11.2022
«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...
Orangelife
ORANGELIFE
21.10.2022
Jusan WOW HR 2022 бизнес сыйлығының номинанты болд...
Orangelife