JUSAN АДАМДАРЫ. МЕН ШЫҒАРМАШЫЛМЫН – МЕН СПОРТҚА БЕЙІММІН: Абдухалик Алибек
JUSAN АДАМДАРЫ. МЕН ШЫҒАРМАШЫЛМЫН –МЕН СПОРТҚА БЕЙІММІН: Абдухалик Алибек
Jusan – бұл, ең алдымен, адамдар, ал біздің қызметкерлеріміз сегіз қырлы, бір сырлы адамдар. Мысал ретінде, «Jusan адамдары. Мен шығармашылмын – мен спортқа бейіммін» рубрикасының 12-шығарылымының кейіпкері – Абдухалик Алибекті алайық.
Алибектің бос уақытта немен айналысқанды ұнататыны жайлы әңгімесін оқып, комментарий қалдыр – осылайша сен өз әріптесіңе қолдау көрсетесің!
Қатарымызда офистегі жұмысынан бөлек уақытта басқа да қызықты істермен айналысатынын әріптестеріміздің көптігіне сенімдімін. Біздің блогымыздың қызметкерлерімен таныстыратын жаңа рубрикада мен өз әңгімеммен бөлісуге дайынмын.
Менің атым Алибек, мен Private Banking блогының командасында жұмыс жасаймын, серіктестік бағдарламамен және түрлі маркетингтік бастамалармен айналысамын. Jusan командасына қосылған уақыттан бері мен қазақстандық нарық үшін бірегей болып табылатын Jusan Exclusive ниеттестік бағдарламасын әзірлеу ісіне қатысып келемін. Ауқымды серіктестік желілер ұсынатын артықшылықтар жүйесінің арқасында біз премиалды карталарымыздың құндылығын айтарлықтай нығайта алдық. Енді біздің клиенттеріміз Parmigiano Group, KazakhYuvelir, Атмосфера, DostykMed және т.б. секілді брендтерден бонустар ала алады.
Сонымен қатар, мен Private Banking блогының каскадты папкаларын әзірлеуге өз үлесімді қостым. Бұл папкалар жақын арада біздің VIP және Private орталықтарымызды безендіретін болады. Клиенттерімізді таңғалдыратынына сенімдімін. Алда әлі қызықты, ауқымды жұмыс –нағыз сын-тегеуріндер күтіп тұр, сол себепті осы міндеттерді жүзеге асыруға белсене кірісуге асығып отырмын.
Банктегі жұмысымнан бөлек мен режиссура және сценарийлік іспен айналысамын.
Дәл осы шығармашылық маған ойымды сергітуге және work-life balance қағидатын ұстана отырып, жұмыс күндерін бастамас бұрын күш жинауға көмектеседі. Және де мен осы шығармышылықтың бір бөлігін әрдайым жұмысыммен ұштастыруға тырысамын. 2017 жылы мен жобаға сценарист ретінде алғашқы шақыртуымды алдым. Осылайша жай ғана хобби маңызды бір іске айналды. Осы уақытқа дейін мен көптеген керемет және қазақстандық (олардан басқа да) көрермендерге таныс жобалармен жұмыс жасадым. Жүлделерге ие болған ірі брендтердің жарнама роликтерінен бастап Қазақфильмде питчингті күтіп тұрған «Баян Сұлу және Қозы Көрпеш» толық метражды көркем мюзикліне дейін.
2018 жылы біздің продакшн «Қазақстанның үздік эксперименталды фильмі» номинациясында дебюттік қысқа метражды фильм үшін ТМД кинофестивалінде марапат алды. Дәл осы фильмде продюсерлік топтың жетекшілігімен мен режиссер және сценарист болдым. Өткен жылы, мәселен, сіздер Димаш Құдайбергеннің Golden атты клипінен менің сценарийлік жұмысымды көрген боларсыздар. Мен үшін таңғажайып болашақ әлемнің бейнесін жасау өте қызық болды, дәл осы әлемде әртіс еркіндіктің жалауын желбіреткен күресуші рөлін ойнады. Қазір мен өз жобамды жасап жатырмын. Бұл жоба –Алматы және менің қаламның сұлулығы туралы ауқымды және бояуға толы ролик.
Қазақстандағы кино өндірісінің және нарықтың халі оптимистік тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді және де мен осы хоббиім бір күні тек мен үшін емес, бүкіл қоғам үшін шын мәнінде маңызды дүниеге айналуы үшін бар күшімді салудамын.
Jusan Bank-тің өз қызметкрелерінің жеке ұмтылыстарын, талпыныстарын қолдап, бағалайтыны өте керемет. Әр қызметкерінің сан түрлі өнері мен қасиеттері бар керемет командада жұмыс істейтінімді мақтанышпен айта аламын. Егер сізде спортта, шығармашылықта немесе басқа да салаларда жетістіктер болса немесе басқа да қызығушылықтарыңыз болса, командамен бөлісуді ұмытпаңыз!
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
ORANGELIFE
09.11.2022
Әріптестер, Жетісу жаңа филиалының ашылғаны туралы...
Orangelife
ORANGELIFE
01.11.2022
«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...
Orangelife
ORANGELIFE
21.10.2022
Jusan WOW HR 2022 бизнес сыйлығының номинанты болд...
Orangelife