Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Orangelife20.09.2022

Jusan футбол турнирінің жартылай финалы және финалы қалай өткенін хабарлаймыз

Сенбі, 17 қыркүйекте Jusan футбол турнирі аяқталды. 

Жартылай финалда Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Семей филиалдарынан бес команда кездесті. Іріктеу кезеңдерінен өтіп және өзінің кестесінде үздік атанып, Jusan-ның ең үздік командасы атағын иелену үшін олар Алматыға келді. 

Турнирді Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов ашты. Мұндай ауқымды спорттық іс-шара Банкімізде бірінші рет өткізіліп жатса да, Jusan  осындай іс-шараларға алдағы уақытта да міндетті түрде қолдау көрсететіндігін атап өтті.  «Бүгін біздің спортшыларымыз, біздің командаларымыз бірлескен жұмыстың арқасында супер бизнес-нәтижелерге ғана емес, спорттық нәтижелерге де қол жеткізетінімізді тағы да дәлелдейтініне кәміл сенемін», – деді Мирас Болатұлы.

Футболға тән сипаттамалар туралы сөз қозғай отырып, командалық жұмыстан және тәртіптен басқа әділ және келісімсіз ойынның маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл жайында әзілдеп те қойды: «Біз топ-менеджмент футболы бойынша команда қалыптастыруды жоспарлаған едік, бірақ, 1-орын басқа командаға берілуі тиіс деп шештік». 

Мирас Шайхысламовтың сөзінен кейін команда капитандары жеребе тастап, ойын ретін анықтады. Жартылай финалда топтық схема бойынша ойнады, яғни әр команда 4 ойыннан ойнады.

Бірінші текетіресте Алматы филиалы мен Семей филиалы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан филиалы мен Ақтөбе филиалы кездесті.

Ақтөбе филиалы – Оңтүстік Қазақстан филиалы

Есепті ОҚФ ойыншысы, Мұрат Бақдәулет ашып, кейіннен қарсыластарының қақпасына талай рет доп соқты. Бірінші тайм Шымкент пайдасына 2-0 есебімен аяқталып жатқанда, Ақтөбе филиалынан Әліпбаев Нұрбол өз командасының алғашқы голын соқты. Алайда екінші таймда ОҚФ командасы тағы басып озып,  матч соңында естілген ысқырық Оңтүстік Қазақстан филиалының 5-2 есебімен жеңісін айқындады.

Алматы филиалы –Семей филиалы

Ойын басталған соң бірнеше минуттан кейін-ақ Асанбек Мақсат Алматы командасын алға шығарып, бірінші голын соқты. Дәл осы ойыншы ойын есебін 2-0-ге өзгертті. Бірінші таймның соңғы минутында алматы командасының 10-нөмірі 3-ші гол соқты. Екінші таймда Семей филиалы белсенді шабуыл бастап, Алматы қақпасына бірнеше рет доп соғуға тырысты. Басында олардың талпыныстары сәтсіз болса да, кейіннен олар есепті теңдестіре алды.  2-2 болған кезде Семейдің жанкүйерлерінде үміт пайда болды. Гол, штанга –ойын өте тартысты болды, ақыр соңында Алматы пайдасына 5-3 есебімен аяқталды.

ФИНАЛДЫҚ МАТЧ

Финалға Алматы және Ақмола филиалдарының командалары шықты. Ойын 14.27-де басталды. Бұл ең қызықты әрі тартысты ойын болды. Бірнеше ойын сериясында шаршағандарына қарамастан, футболшылар соңғы ысқырық естілгенше барлық көрермендер мен жанкүйерлерді алаңдатып отырды. Бұл кезде де олар интриганы сақтай алды, себебі соңғы минутта Алматы филиалы гол соғып, есепті 2-2 етіп теңдестірді.

Пенальти сериясы басталды. Алматы да, Көкшетау да гол соқты. Екінші талпыныс. Көкшетау бірінші болып теуіп, кезекті гол соқты. Сызыққа қарай Алматы ойыншысы шықты, ойынның нәтижесі соған байланысты болып тұр. Көрермендер үнсіз, тағатсыздана күтіп тұр, бір минут – Көкшетау қақпашысы соққыны теуіп қайтарды!

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...