Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 27 мамыр
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Shymkent Marathon 2022


Осы жексенбіде Шымкентте оңтүстік өңірдің ең ауқымды спорттық іс-шарасы  – «Shymkent Marathon 2022» өтті!  

Бұл жылы іс-шараға түрлі өңірлер мен елдерден жиналған 5 мыңдай қатысушы қатысты. Jusan Bank те бұл оқиғадан шет қалмай, Оңтүстік-Қазақстан филиалының 37 қызметкері банкіміздің атынан қатысты.

Оған қоса, Jusan балалар спорт мектептерінің және балалар үйлерінің 200-ден астам тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, олар да «Shymkent Marathon 2022»-ге қатысу мүмкіндігін алды. Бұл балалардың көбі үшін өміріндегі алғаш марафондары болды. Біздің Банктің арқасында балалар үшін бұл жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз.

Әрине, Элиуд Копчегтің рекордынан ешкім асып түсе алмады, бірақ әр қатысушы өзінің жеке рекордын орнатты. Жүгіру –бұл бірегей спорт. Саған кажеті – қайсарлық және трасса ғана. Ал марафонға қатысу, көптеген жүгіруші «желаяқтардың» пікірі бойынша, өміріңді «бұрын» және «қазір» деп бөліп, түбегейлі өзгертетін нәрсе. Марафон қатысушылардың өміріне осындай жарқын және естен кетпес эмоциялар енгізеді!