Jusan Vibe қазақстандық суретшілер мен шеберлердің танылуына жол ашуда

Алматыда жаңа шығармашылық алаң – Jusan Vibe-тың тұсаукесері өтті. Мұнда көрмелер, лекциялар және өнер қауымы өкілдерінің кездесулері өткізіледі. Жаңа мәдени орында отандық 70 заманауи суретші мен шеберлердің жұмыстары жинақталған. Олардың қатарында Рашид Нұрекеев, Олжас Исанов, Станислав Липский, Полина Әубәкірова және т.б. бар.

Шығармашылық алаңды  Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов ашты:

"Jusan Vibe – талантты қазақстандық суретшілер, мәдениет пен өнер өкілдерінің жұмыстарына жаңа леп сыйлауға бағытталған шығармашылық алаң. Көрмеміз келем деушілерге әрдайым ашық, сонымен қатар біз талантты жандардың жұмыстары мен ұсыныстарын күтеміз. Әрбір адам мұнда келіп, өз жобасын ұсына алады. Біздің команда ұсыныстарды тыңдауға дайын».

Алғашқы көрмеге байқау арқылы іріктелген жұмыстар қойылды: Қазақстанның түкпір-түкпірінен суретшілер мен шеберлер өз өнерлерін сарапшыларға жіберді. Осы орайда бұл Париж салондарына тарихи сілтеме екенін ескеру қажет. Авторлар үш жүз жылға жуық өз жұмыстарын қалың жұртшылыққа көрсету үшін Француз бейнелеу өнері академиясына жіберетін еді.


«Алматы салоны» көрмесі 16 сәуірге дейін Әл-Фараби, 36 (ILE бизнес орталығы) мекенжайы бойынша ашық. Кіру тегін.

Банк жаңалықтары

09.04.2024


Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

08.04.2024


Jusan Business командасы дәстүрлі Demo Day іс-шарасын өткізді, оның барысында ол...